Типтік есептерді шешу үлгілері 1-мысал



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі50,69 Kb.
#91676
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 1 практикалық сабақ
179562, 179562, Lermontov Geroy-nashego-vremeni.iRuJIA.69892
2-мысал. Массасы 100 грамм мырыш пластинкасы күміс (1) нитраты ерітіндісіне батырылған. Біраздан соң пластинканы ерітіндіден шығарып алып, құрғатып, қайтадан өлшегенде оның массасы 7 грамға артқан. Ерітіндіге ауысқан мырыштың және пластинканың бетіне қонған күмістің массаларын табыңдар.
Шешуі:
Алдымен реакция теңдеуін жазамыз.


Zn + 2AgNO3 = Zn(NO3)+ 2Ag
65г/моль 108г/моль
Пластинканың массасының артуы мырыштың еруіне (пластинканың жеңілдеуі) және оның орнына күмістің қонуына (пластинканың ауырлауы) тікелей байланысты. Бұған қоса 1 моль мырыш 2 моль күмісті ығыстырып шығарып отыратынын ескере отырып, пропорция құрамыз:
Егер 65г мырыш еріп күміспен алмасқанда пластинканың массасы 2 ∙ 108 – 65 =151 грамға артса, онда х г мырыш еріп, күміспен алмасқанда пластинканың массасы 7 грамға артады.

Бұдан: х = 65 ∙ = 3г


Осындай пропорция арқылы пластинканың бетіне қойылған күмістің массасын табуға болады:


Егер 2 ∙108г күміс мырышпен алмасып, пластинканың бетіне қонғанда массасы 151 грамға артса, онда у грамм күміс мырышпен алмасып, пластинканың бетіне қонғанда, пластинканың массасы 7 грамға артады:

Бұдан: у =2 ∙108 ∙ = 10г


Сонымен, реакция нәтижесінде 10 грамм мырыш ерітіндіге ауысып оның орнына 3 грамм күміс пластинканың бетіне қонған.




2-әдіс.
Алғашқы мысалдағыдай алмасатын металдардың бірінің, мысалы, мырыштың зат мөлшнрін х моль деп белгілейміз. Сонда реакция нәтижесінде бөлінген күмістің зат мөлшері 2х моль болады. Егер зат мөлшерінен массаға көшсек, онда ерітіндіге ауысқан мырыштың массасы 65х грамм, ал оның орнына пластинканың бетіне қонған күмістің массасы 2 ∙108 х грамм болады. Енді бастапқы пластинканың массасы 65 х грамға азайып, бірақ 2 ∙108 х граммға көбейгенін ескеріп мынадай теңдеу құрамыз:

100 – 65х + 2∙108х =108.


(2 ∙108 - 65) х = 7
151х = 7.
х = 7/151 = 0,0464 моль.

Демек, ерітіндіге ауысқан мырыштың массасы:




m(Zn)=v (Zn)∙M(Zn)=0.0464моль ∙65г/моль = 3г

Сол сияқты, темірдің орнына қонған күмістің массасы:




m(Zn)=v (Ag)∙M(Zn)=0.0464моль ∙108 г/моль = 10г




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет