омыртқаның деформациясы (көбінесе кеуде кифозының ұлғаюы мен бел лордозының тігістелуі
Клиникасы
Омыртқа зақымдалуы – Бехтерев ауруының негізгі белгісі. Ауырсыну сол немесе басқа бөлікте байқалады, көбінесе бел-сегізкөз бөлігінде. Кейін омыртқа қозғалуының шектелуі болады: тізесін бүкпей қол саусақтарымен жерге тигізе алмайды, кеуде клеткасының тыныс алу экскурсиясы төмендейді. Аурудың бастапқы кезеңінде көрінуі омыртқаның байлам аппаратының зақымдалуына негізделеді. Бел-сегізкөз аймағында ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну қозғалыстан кейін күшейеді. Объективті арқа бұлшықетінің ауырсынуы мен қатаюы болады. Аурудың прогрессирлену і кезінде ауырсыну синдромы күшейеді және шекарасы ұлғаяды. Осы кезде омыртқаның доға тәрізді қисаюы байқалады. Ары қарай омыртқа аралық буынның анкилозирленуі болады. Аурудың перифериялық формасыныңда ірі буындардың зақымдалуымен бірге манифестирленеді. Сонымен қатар Бехтерев ауруының буыннан тыс көріністер байқалады. Ириттер мен иридоциклиттердің дамуы тән. Жүрек-тамыр жүйе жағынан аортит, аортальды клапанның жетіспеушілігі, перикардит және ритмның әртүрлі бұзылыстары көрінеді. Және же бүйрек амилоидозы дамуы мүмкін.
Ауру формалары
Орталық формасы – тек қана омыртқа зақымдалады.
Ризомелиялық формасы – омыртқа мен түбір буынның зақымдалуы.
Перифериялық формасы – омыртқа мен перифериялық буынның зақымдалуы.
Скандинавиялық формасы –ревматоидті артрит кезіндегі кистьтің ұсақ буындарының зақымдалуы сияқты және де омыртқаның.
Висцеральды формасы – жоғарыда көрсетілген формалардың біреуі және висцеральды мүшенің зақымдалуы. (жүрек, аорта, бүйрек).
Ауру кезеңдері
Бастапқы немесе ерте. Бел аймағының омыртқасының үлкен емес қозғалуының шектелуі. Рентгенде өзгерістер болмайды немесе сегізкөз-мықын буынның анық еместігі анықталады.
Анық зақымдалуы. Омыртқа немесе перифериялық буынның қозғалысының анық шектелуі.
Кеш кезеңі. Омыртқа немесе ірі буындардың көп мөлшерде зақымдалуы