Тірек-қозғалыс аппараты бұзылыстарының түрлері, бұзылу себептері


Тірек-қозғалыс аппараты бұзылыстарының түрлері, бұзылу себептері



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,27 Kb.
#82760
1   2   3   4
Байланысты:
4 бөж Көпжасар Гүлнар Биология 3 курс

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылыстарының түрлері, бұзылу себептері. Балалардың 5-7%-ында тірек-қозғалыс аппаратында туа біткен және жүре пайда болған аурулары және бұзылыстары бар. Бұзылыстар туа біткен немесе жүре пайда болған болуы мүмкін.Тірек-қозғалыс аппараты (ТҚА) патологияларының түрлері:Жүйке жүйесінің аурулары:балалар церебралды параличі, полиомелит (орталық жүйке жүйесінің ауыр инфекциялық ауруы).
Тірек-қозғалыс аппаратының туа біткен патологиясы: жамбас сүйегі буынының туа біткен шығуы, мойынның қисықтығы, аяқтың маймақтығы, табанның пішінінің бұзылуы, скалиоз, аяқ-қолдарының дамып жетілмегендігі немесе мүкістігі.Тірек-қозғалыс аппаратының жүре пайда болған аурулары немесе зақымдануы: жұлынның, бас миының, аяқ-қолдарының жарақаттануы, полиартрит, қаңқаның аурулары (туберкулез, сүйек ісіктері), қаңқаның жүйелі бұзылыстары (рахит).Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың басты кемістігі қозғалыс ақауы болып табылады. Олардың ішінде басым бөлігін церебралды параличке шалдыққан балалар құрайды (89%).Балалар церебралды параличінің (БЦП) жалпы сипаттамасыБалалар церебралды параличі – баланың құрсақішілік дамуы барысында дүниеге келу сәтінде және алғашқы өмір сүрген жылында әсер еткен әртүрлі зиянды себептердің ықпалымен пайда болатын жетілмеген мидың ауруы. Церебралды параличке шалдыққан әрбір 100 баланың 30-ында бұл ауру құрсақ ішінде, 60-ында – туылу сәтінде, 10-ында туылғаннан кейін пайда болады.
Балалар церебралды параличін тудыратын себептер:Құрсақ ішінде: анасының инфекциялық аурулары (вирустық инфекциялар, қызамық, токсоплазмоз), анасының жүрек-қан тамырларының аурулары, анасының эндокриндік бұзылыстары, жүктілік токсикозы, анасы мен құрсақ ішіндегі нәрестенің қандарының иммунологиялық сәйкессіздік, психологиялық жарақаттар, физикалық факторлар (күн өту немесе қатты тоңу, сәулеге шалдығу), жүктілік кезінде қабылданатын кейбір дәрілік заттар, оның нәтижесінде ұрықтың тамақтануының бұзылуына және оттек тапшылығына алып келетін жатыр-плаценталық қан айналымының бұзылысын тудырады. Құрсақ ішіндегі нәрестенің, әсіресе оның жүйке жүйесінің дамуы бұзылады. Ең алдымен бас миының қозғалыс аймақтары зақымданады., сондай-ақ жалпы оның жетілуі бөгеліп, нәтижесінде БЦП шалдыққан балалардың қозғалысы, ой өрісі, сөйлеу қабілеті бұзылады.Балалардың тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуына толғақ жарақаттары себеп болуы мүмкін, олар анасының жамбас сүйегінің тарлығынан, туу әрекетінің әлсіздігінен, ұрықтың дұрыс орналаспауынан және т.б. пайда болады. Әдетте толғақ жарақаттары асфикциямен қанның құрасмындағы оттегінің жетіспеушілігімен және белгілі бір алмасу алмасу, патологиялық-анатомиялық және клиникалықбелгілермен үйлесетін көмір қышқылдардың артық жиналуымен сипатталатын организмнің патологиялық жағдайы үйлесіп жүреді. Ұрыққа ертедегі постнаталды кезеңде әсер ететін зиянды факторларға мыналар жатады: бұрын ауырған нейроинфекциялар (менингит, энцефалит), полиомелит, баланың алғашқы жылында басын ауыр соқтыруы. Балалар церебралды параличі негізінен тұқым қуаламайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет