Тірек сызбалар арқылы қазақ тілі сабағында балалардың тілін дамыту 27. 11. 2015 15: 04 Исабекова Айнұр Еркенқызы, «№41 сәбилер бақшасы»



бет3/3
Дата16.04.2020
өлшемі62,07 Kb.
#62760
1   2   3
Байланысты:
курстық жұмыс қазақ тілі сабақтарында қолданылатын деңгейлік тапсырмалар



  1. Сан есімнің түрленуі туралы айт және мысалдар келтір.



Сан есімнің түрлері

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Жұрнақтары



















Мысалы






















  1. Сан есім мағыналық түрлеріне қарай нешеге бөлінеді? Қарамен жазылған сан есімдердің мағыналық түрін анықтап, құрамына қарай талда.

Жеті байлық

Әуелі байлық – денсаулық,

Екінші байлық – еркіндік.

Үшінші байлық- тіл байлық,

Төртінші байлық – қайрат –күш,

Бесінші байлық – ақ жаулық,

Алтыншы байлық – балаңыз,

Жетінші байлық – жүз саулық.

(Халық даналығы.)

І деңгей


« Менің сыныбым» тақырыбында сан есімдерді қатыстырып мәтін құрастыр.

ІІІ деңгей



  1. Сан есімнің сын есімнен айырмашылығы неде? Мысал келтір.

  2. Дара есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек жаз.

Бір, он екі, тоқсан, он бес, төрт, екі жүз елу, мың, қырық, жиырма үш.

  1. Төмендегі сан есімдерді цифрмен жаз.

Он бес, екінші мектеп, бес, жүздей, бес- бестен, отызыншы қазан.

ІІ деңгей



  1. Төмендегі мақал – мәтелдерді оқып түсін. Сан есім кездессе, сөйлемнің қандай мүшесі екенін және жасалу жолын айт.

Екі сегіз – он алты.

Екі жақсы ерікпес,

Екі жаман бірікпес.

Үйде бір күн ұрыс болса,

Қырық күн ырыс кетеді.

(«Ақылдың көзі» кітабынан.)



  1. Сан есімдердің мағыналық түрлерін қатыстырып, «Математика сабағында» тақырыбына мәтін құра және сан есімдерге толық талдау жаса.

І деңгей

«Ұлық болсаң кішік бол» деген тақырыпқа өз пікіріңді жаз.

Есімдік

ІІІ деңгей



  1. Есімдік туралы айтып, мысал келтір.

  2. Жырдан есімдіктерді тап.

Туған ел

Туған жер қандай көркем мөлдіреген,

Желегі жермен бірге желбіреген.

Аралап күндіз – түні жүрсем - дағы,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

Ыстық – ау бүлдіргенді өзендерің,

Саянда сайрап өскен өрендерің.

Мен едім соның бірі – қарыздармын,

Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.

Қашан да қарыздармын, елім, саған,

Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.

Жүректің арнап ыстық махаббатын,

Туған ел, берерім көп менің саған.

(М. Ниязбеков.)



  1. Жіктеу, сұрау, сілтеу есімдіктерін жазып, сөйлем құра.

ІІ деңгей

  1. Кестені толтырып, есімдіктердің емлесі туралы айт.



Есімдіктің түрлері











































2. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қой, мағынасын аш.

а)..... елінде сұлтан болғанша, .. еліңде ұлтан бол.

ә) .... ор қазба - ... түсерсің.

б) Жақсы ... басынан көреді, жаман жолдасынан көреді.

І деңгей

«Туған жер – алтын бесігім» атты шағын шығарма жаз.

Етістік

ІІІ деңгей



  1. Етістік туралы түсінік бер.

  2. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қимыл, іс- әрекетті білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қой.

Өмір заңы –дананы дана табар,

Қайдан тапсын дананы аласалар.

Абайды Мұхтар тауып, Мұхтарды Абай,

Халқын да даңқты етпек және солар.

Ұрпағын көп жаңарту ұшқыны дәл,

Қырындай көк жүзінде ұшып бұлар.

Қазақ деген бақытты ел жер бетінде,

Абай, Жамбыл, Мұхтардай үш шыңы бар.

( Ә. Дастанұлы.)


  1. Етістіктің қанша ерекше түрі бар? Мысал келтір.

ІІ деңгей

  1. Кестені толтыр.



Сұрақтары




Құрамына қарай




Тұлғасына қарай




Мағынасына қарай түрлері және мысал келтір




Сөйлемдегі қызметі






  1. Сөйлемдегі етістіктерді тауып, қызметін анықта.

Қарабет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық. (Б. Момышұлы)

Не мен жатырқаған шығармын, не сен өзгерген шығарсың.(С. Мұқанов)

І деңгей

Теледидардан көрсетілетін бағдарламалар туралы пікір жазып, ішіндегі

етістіктердің астын сыз.

ІІІ деңгей



  1. Түсініп оқы. Көсемшелердің төмендегі жұрнақтарына мысал жаз.

  • ғалы, - гелі, -қалы, -келі.

Жігіттерге

Ғибрат ал жақсылықтан жақын жүріп,

Аулақ қаш жамандықтан сырттан шеттей.

Орынсыз батырлыққа арандама,

Әр істің мазмұнына көзің жетпей.

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Адамға бірлік керек, болса жолдас.

Бірінің айтқанына бірі көнбей,

Істеген бәтуасыз ісің оңбас....

(М.Дулатов.)

2. Етістіктің есімдерден қандай айырмашылығы бар? Мысал келтір.

3. Төмендегі етістіктерден сөйлем құра.

Келе жатыр, сөйледі, жазда ойнап жүр, айтты.

ІІ деңгей



  1. Көсемшенің түрленуі туралы айтып, оны мысалдармен дәлелде.

  2. Кестені толтыр.



етістік

тер


негізгі етістік

туынды етіс

тік


дара етіс

тік


күр

делі етіс

тік


болым

ды етістік



болымсыз етістік

салт етіс

тік


сабақ

ты етістік

























































І деңгей

Бірлік, ынтымақ туралы қандай тақпақ, ән, өлең, мақал – мәтел білесің?

Есімше

ІІІ деңгей



  1. Есімше туралы түсіндір және мысал жаз.

  2. Бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметінде қолданатын етістіктің түрін айт.

  3. Төмендегі есімшелерді жекеше, көпше түрде жікте.

Сөйлеген, тұрған, ойнатқан, тігер.

ІІ деңгей



  1. Кестені толтыр.



Есімшенің жасалуы (жұрнақтары, мысал )















  1. Мақалдан есімшелерді тауып, қай сөз табының қызметін атқарып тұрғанын түсіндір.

Еңкейгенге еңкей,

Басың жерге жеткенше.

Шалқайғанға шалқай,

Төбең көкке жеткенше.

І деңгей

«Ұрлық түбі – қорлық» деген тақырыпта сыбайлас жемқорлыққа байланысты өз пікірің.

Көсемше

ІІІ деңгей



  1. Бірде етістіктің, бірде үстеудің қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрін айт.

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып, мысалдар келтір.

  3. Көсемшенің жұрнақтарына мысалдар жаз.

ІІ деңгей

  1. Өлеңнің жалғасын жазып, көсемшелерді түрленуі мен қызметіне қарай талда.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол ....



  1. Кестені толтыр.



Көсемшенің жасалуы (жұрнақтары, мысал )










І деңгей

«Алманың атасы – Алматы» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.

Тұйық етістік

ІІІ деңгей



  1. Есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмайтын етістіктің түрі қандай етістік?

  2. Төмендегі тұйық етістікті септе.

Бару, күлу, сезу, жүру, табу.

  1. Сөйлемдерден тұйық етістіктерді тауып, астын сыз.

Сүлекең мақтана салудан бұрын да құр алақан емес еді. (Х. Есенжанов)

Мен өтірік айту дегенді, көзге күлімдеу дегенді, біреуге жарамсақтану

дегенді білмеймін. ( Х. Есенжанов.)

ІІ деңгей



  1. Тұйық етістіктің емлесіне мысалдар жаз және төмендегі сөздердің қатесін тауып, дұрысын жазып, себебін түсіндір.

Жабыу, сөгіу, төгіу, қайтыу, батыу.

  1. Тұйық етістіктен жасалған тұрақты 10 сөз тіркесін жаз.

Үлгі: Шайдай ашылу, удай ашу, сорпадай сорғалау

І деңгей


Шешуінде тұйық етістік болатын жұмбақ шығар.

ІІІ деңгей



  1. Тұйық етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Тұйық етістіктің есімше, көсемшеден айырмашылығы.

  3. Төмендегі сөздерден тұйық етістік жаса.

Ал, қал, тал, жүз, түс, таң, тұр, кір, сөйле.

ІІ деңгей



  1. Тұйық етістіктің жасалу жолын түсіндіріп мысал жаз, жұрнағын дефис арқылы көрсет.

  2. Төмендегі жұмбақтардан тұйық етістіктерді тап.

а) Жазудан бір жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған.

ә)Ұшып жүру үшін де

Жаралған бұл мүсін бе?

Сезімталы осы мал

Төрт түліктің ішінде.

Бұл не?

І деңгей


« Ел іші – алтын бесік» деген тақырыпқа ойтолғау жаз.

Үстеу


ІІІ деңгей

  1. Үстеу туралы айт және мысал жаз.

  2. Мәтіннен үстеулерді тауып, мағынасын түрлеріне қарай ажырат.

Түн ортасы ауа жел бәсендеп, бұлт ыдырай бастады. Әр жерден әлденемен шұғылданып ербендеген кісі. Сол бір тұста күбірлескен екі адамның сыбыры естілді, біз ілгері жүріп кеттік. (С. Мұқанов)

  1. Төмендегі үстеулерді қатыстыра отырып, сөйлем құра және осы үстеулерді құрамына қарай ажырат.

Биыл, былтыр, бүрсігүні, қыстыгүні, қолма – қол, қаннен қаперсіз, тым, дәл, өте.

ІІ деңгей



  1. Кестені толтыр. Үстеудің мағыналық түрлері

Түрлері























Мысалы

























  1. Құрамында мезгіл, мекен, сын- қимыл үстеулері бар мақал – мәтелдер жаз.

І деңгей

«Бақыт дегенді қалай түсінесің?» деген тақырыпқа ойтолғау жаз.

Еліктеу

ІІІ деңгей



  1. Еліктеу сөз деген не?

  2. Төмендегі еліктеу сөздерге сөйлем құра.

Жалт- жұлт, тарс- тұрс, ербең- ербең, дүрс – дүрс.

  1. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті еліктеуіш сөздерді қой.

Ауыл үсті айқай- ұйқай, ...., ... . Күміс үзеңгіге салып шіренген аяғында әміркен мәсі - кебіс ... ... етеді. Қымызды жұтқанда Текебектің өңеші ... етеді. (С. Сейфуллин.)

ІІ деңгей



  1. Кестені толтыр.



Түрлері







Мысалы









  1. Төмендегі сөздерге негізгі, туынды, күрделі еліктеу сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.

Жеті қазына: жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ.

І деңгей


Өзің ұнататын ақын жайлы «Менің сүйікті ақыным» деген тақырыпта шағын шығарма жаз.

Шылау


ІІІ деңгей

  1. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

  2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?

  3. Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, түрлеріне ажырат, емлесіне назар аудар.

Ахмет пен Ғазиза

Профессор Ахмет Жұбанов пианинода бір шығарманы ойнап айтып отырса, қызы Ғазиза келіп:



  • Осы бір тұста нотаны ылғи қате аласыз, депті.

Сонда Ахаң пианино ойнауын тоқтатып, қызына ошарыла бұрылып:

  • Қызым – ау, мен сен сияқты академиктің баласы емеспін ғой,- деген екен.

ІІ деңгей

  1. Кестені толтыр.























  1. Мәтінді оқып шығып, кіндік шеше, кіндік аға қандай болатынын өз сөзіңмен әңгімеле. Шылаулар ды дәптеріңе түр- түрімен топтап жаз, қызметін анықта.

Кіндік шеше

Кіндік шеше – нәресте туғанда оның кіндігін кескен әйелдің атауы. Кіндікті ер адамдар да кеседі, ол кіндік аға деп аталады. Бірақ әдетте кіндікті әйелдер кеседі. Олар баланың екінші анасы болып саналады. Кіндік шеше - бала үшін де, оның ата – анасы үшін де қадірлі адам. Оны дәстүр бойынша кіндігі кесілген бала өз анасынан кем санамайды. Академик Қаныш Сәтбаев басқа жерге баруға уақыт таппаса да, өзінің кіндік шешесіне жылына бір рет барып сәлем беріп, оның сыбағасы мен сый - сыяпатын апарып беріп тұрыпты.

Жалпы, қазақ баласы үшін кіндік шешенің (немесе кіндік ағаның ) орны бөлек. Бұл заманда да балаларға кіндік шешесін таныстырып қойып, сыйлауға үйреткен абзал.

( «Ата салтың –халықтық қалпын» кітабынан. 149 –б.)

І деңгей

« Менің кіндік шешем» деген тақырыпта шылауларды қатыстырып, шағын шығарма жаз.

Одағай

ІІІ деңгей



  1. Басқа сөз таптарынан одағайдың қандай ерекшелігі бар?

  2. Төмендегі одағайларға сөйлем құрап жаз және олар одағайдың қай түріне жатады.

Аухау- аухау, пұшайт – пұшайт, құрау- құрау, шөре – шөре.

  1. Өлең шумағын оқып, одағайды тап. Қандай тыныс белгісі арқылы оқшауланып тұрғанын айт.

О, шіркін, ғажапсың-ау, көңіл деген!

Жартас жоқ толқыныңа көмілмеген.

Құлдырап құламаған құзың да жоқ,

Қыран боп шырқамаған кезің де кем.

(Ж. Молдағалиев.)

ІІ деңгей



  1. Кестені толтыр.

Одағайдың түрлері

 2. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, сахналық көрініс жасауға дайындалыңдар.

Одағайлар бар ма, бар болса, қандай мағына туғызып тұрғанын анықта.

Құлху алла, сұлху алла, су жағала. Пай, пай, бәрі сайрап тұр. Дуа! Басында мықты дуа бар. Ойпыр – ай! Менің өзіме де бой бергісі келмей ме, қалай?!

Я, аруақ, қолдай көр. Ойпырай, аурудың иесі көк өгіз бе? Есіктен қарап, мүйізін шайқап тұрғанын қарашы...

(«Қамар сұлу» сахналық көрінісінен.)

І деңгей


«Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ білеміз» деген тақырыпта одағай сөздерді араластырып шағын шығарма жаз.

Мақсатым: Оқушыларды деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.


Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру,тілін ,ойлауын мазмұндай білу қабылеттерін дамыту. 
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған біліктерін пысықтауға арналған.

Міндетім: 

1.Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.

2.Оқушының пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.


Нәтиже: Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың,оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған білімдерді және біліктерін пысықтауға арналған.
Деңгейлік тапсырмалар бастауыш буын яғни 2-4 сыныптарға және 5-7 сыныптар модульдері бойынша тақырыптарды қамтиды.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады,әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды,ой еңбегімен айналысуына көздейді.
Деңгейлік тапсырмаларды өздігінен жаңа сабақты меңгерту,тақырыпты пысықтау,қайталау сабақтарында пайдалануға болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға,тілін дамытуға бағыттайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет