Тіркелу үлгісі
1. Автор: Назаров Мурат Жумабаевич
2. Жұмыс орны: №22 жалпы орта мектеп
3. Мекен жайы: Түркістан қаласы,Ортақ көшесі, н/ү
4. Қызметі: Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары
5. Байланыс телефоны: жұмыс орны 4-18-69, 87058860007
6. E-mail: murat.nazarov.77 @ mail.ru
7. Мақала тақырыбы: Кембридж тәсілімен сабақ өту тәжірбиесін мектепте енгізудің тиімділігі
8.Секция:Білім беруді басқару және әдістемелік жұмыстар
Кембридж тәсілімен сабақ өту тәжірбиесін мектепте енгізудің тиімділігі
НАЗАРОВ МУРАТ ЖУМАБАЕИЧ
Түркістан қаласы, № 22 жалпы орта мектеп
Мектепке тәжірбие енгізу үшін Кембридж бағдарламаның 7 - модульдерінің бірі "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді" - қолдануды жоспарладым. Себебі : Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр.
Мектепте «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер » атты тақырыпқа сай жоспар жасалынды. Мұнда мен мектептегі негізгі проблемаларды анықтау және оны шешуге мүмкіндік беретін жолдарды қарастыру, оқыту мен оқу үдерісіне интербелсенді және инновациялық әдістерді пайдалану арқылы білім беру мен білім алуды жетілдіру, мұғалімнің құзыреттілігін арттыру жолдарын қарастыру басымдықтарына тоқталдым. Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін қолдануды тиімді қолдану нәтижесінде - мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі артады, шығармашылыққа бейім және және өзін-өзі танитын оқушылар қалыптасады, оқушылардың білім алуға қызығушылықтары жоғарылап, оқудағы жетістіктерін бағалай білу дағдылары қалыптасады деген ұғымдар қалыптасты.
Мектептегі тәжірибе кезінде мектеп әкімшілігі, шығармашыл мұғалімдер, жас мамандардың қатысуымен бетпе-бет кездесу және сұхбат өткізу мақсатында «Оқыту мен оқытудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?» атты тақырыбында сұхбат өткіздім. Оған мектеп басшысы, үшінші деңгейді бітірген әріптестер және үш айлық курстарға енді баруға ниет білдірген әріптестер және жас мамандар қатысты. Бірінші(ілгері) деңгей бағдарламасы аясында әңгіме жүргіздім. Мектептегі үшінші деңгейді бітірген әріптестер курстан алған білім және тәжірибесімен бөлісті. Сұхбат барысында курсты бітірген және қызығушылықты білдірген әріптестердің ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс істеуі, сенімді кәсіби қарым-қатынасы дамыды.
«Әлем өзгеруде, біз де өзгереміз» таныстырылым өткіздім. Оған мектеп ұжымын қатыстыруды алға тарттым. Таныстырылым өткізудегі мақсатым «Оқушыларды ХХІ ғасырда қалай дайындайды?», «Нені оқыту керек?»- деген сұрақтарға жауап табу. Таныстырылымды Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының нұсқаулығын, бейнежазбаларды пайдалана отырып Кембридж тәсілімен өтілген сабақтардың тиімділігін көрсеттім. Таныстырылымда мұғалімдер әлемдегі білім жүйесінің өзгерістері туралы, реформаның тиімділігі туралы түсіндірдім. Ондағы мақсатым, мектептегі негізгі проблемаларды анықтағаннан кейінгі атқарылатын жұмыстарды талдау, оны шешуге мүмкіндік беретін жолдарды қарастыру, бағдарлама мазмұнындағы түйінді ойлармен таныстыру болатын. Таныстырылым барысында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер оқушыларды дамытуға бағытталған оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал ететіндігін, осы жетістіктерді өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалімге артылар жауапкершілікті түсінді.
Мектетегі іс-тәжірибенінің жоспарын нәтижелі жүргізу мақсатында мектепте мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы құрылды. Кәсіби қоғамдастыққа бірлестік жетекшілер мен тәлімгер және жас мамандар қамтылды. Мектепке өзгеріс енгізу үшін жасалынатын іс- тәжірибеге қатысқысы келген мұғалімдерден 9- мұғалім таңдап алынды, олардың ішінен мектептегі коучинг үдерісін жүзеге асыратын екі тәлімгер таңдалды.Кәсіби қоғамдастықты құрудағы мақсатым, мектептегі өзгерістерге белсенді қолдау көрсететін топты ұйымдастыру. Олар алдағы атқарылатын жұмыстарды жүйелеп, өздерінің мазмұнды пікірлерін ортаға салды. Соның нәтижесінде мектептің даму жоспарын жасау, ондағы атқарылатын жұмыстардың мазмұны қалыптаса бастады.
Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастық аясында бұл тәсілдің, көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновациялар негізінде мұғалімдердің тәжірибесі ескерілді. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайтындығын, мұғалімдер оны өз қолымен жасайтындығын түсінді. Алдағы өткізілетін сабақтар, тәлімгерлік және коучинг сессияларына жауапты мұғалімдер мен атқарылатын жұмыстың мерзімі белгіленді. Тәжірбие барысында кәсіби қоғамдастық мүшелерінің рөлдері белгіленді.
Кәсіби қоғамдастық мүшелеріне бірінші тапсырма зерттеу кезінде алынған сауалнамаларды бірігіп жинақтап, өңдеу, талдау жасау керек еді. Сараптау арқылы негізгі мәселелер анықталды. Содан кейін мектептің даму жоспарындағы атқарылатын жұмыстарды анықтады.
Енді сол даму жоспарындағы тағы бір маңызды, әріптестеріне ықпал ететін, оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсететін зерттеу жұмыстарының бірі-тәлімгерлік пен коучинг сессияларын өткізу. Бірінші өткізген коучинг сессиясының тақырыбы « Оқу мен оқыту әдістерін не үшін өзгертеміз?» . Ондағы мақсатым топтағы мұғалімдердің оқу мен оқыту туралы түсініктерін дамыту , жаңаша көзқарас қалыптастыру, жаңа әдіс- тәсілдердің маңыздылығына тоқталу болатын. Өткізілген коучинг сессиядан кейін мұғалімдердің жазған рефлексиясын жинақтап, әріптестермен кәсіби сұхбат барысында талдау жасадық. Коучинг сессияға қатысқан мұғалімдер жаңа әдіс- тәсілдерді бұған дейін өз сабақтарында ішінара болса да өткізіп жүргедіктерін айтып, өздерінің алған әсерін ортаға салды. Онда сабақта жаңа әдіс- тәсілдерді тиімді пайдаланғандағы әсерін оқушылардың орнына өздерін қоя отырып шын мәнінде өзара іс-әркеттің нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпалы болатытын түсінді. Коуч сессияны жүргізген тәлімгердің пікірін тыңдап, кәсіби әңгіме жүргіздім. Ол қатысқан мұғалімдерге оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдердің маңызы мен тиімді жақтарын қалай анықталды, әріптестерінің әрекеттері мен көзқарастары туралы тоқталды. Олардың айтқан рефлексиясымен таныстым. Мұғалімдер топтық тапсырмалардың мақсаттары мен міндеттерінің түсінікті әрі әсерлі болғанын, топтың барлық мүшелері қабылданған рәсімдері мен тәртібін бастапқыда түсінбегенін. Бірақ жұмыс барысында кейбір әріптестерінің ойын жинақтап айтуда қиналғанын жазыпты. Бірлескен топтық жұмыс кезінде өзге әріптестер алған сезімін мойындап, топтық жұмыстың басқа да әріптестерінің бойынан ілгерілеуі мен ынтымақтастықтың, жауапкершіліктің, өз ойын еркін айта білу, қабілеттерінің арта түсетінін жасырмай ой бөлісті.
Екінші өткізілген коучинг сессия «Ойлау жолдары: Сын тұрғысына ойлау, дарынды оқушылармен жұмыс, қалай оқу керектігін үйрену» тақырыбында өттілді. Тәлімгер бұл сессияны өткізуде негізгі басымдық топтық жұмыстар барысында талантты және дарынды балаларды айқындау болды. Коучинг кезінде мұғалімдерде дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керектігі туралы түсінік қалаптастыру үшін мазмұнды әдістерді қолдану екендігін атады. Сонымен бірге сессияға қатысушы мұғалімдер арасында тартысты пікір туындатқан мәселелер де болғанын, олар кейбір оқушылардың бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екенін көрсете білгенімен, дәл осы кезде басқалары тек бір ғана саладан көрсететіндігін алға тартыпты. Сондай-ақ дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін еместігі, кейде олардың айрықша қабілеттері айқын болмайтыны, белгілі себептермен көрінбеуі де мүмкін, болмаса өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндіктері бола бермейді деген көзқарастар мен пікірлерлер айтылып, мұғалімдер арасында қызу тартыс қалыптасыпты. Тартысты пікірлердің арқасында көптеген мұғалімдердің бойында дарынды және талантты оқушыларды тану, табу олардың қабілетін ары қарай қалай дамыту керек деген жаңа түсінік қалыптаса бастады. Ал, күтілетін нәтиже: мұғалімдер оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмыстың тәсілдерін қолдануды меңгереді, оқушыларда мектепте алған білімдерін өмірде қолдану дағдылары қалыптасады, шығармашылыққа бейім және өзін-өзі танитын оқушылар қалыптасады, оқушылардың білім алуға қызығушылықтары жоғарылап, оқудағы жетістіктерін бағалай білу дағдылары артады деген қағиданы басшылыққа алып, әрбір атқарылатын жұмыстың алдында жоспарымызды жүйелеп отырдық.
3-өзекті тақырыптағы: «Жұмыс құралдары: АКТ-ны қолдану, орта мерзімді жоспарлау» коучинг сессия өтілді. Мақсаты: Мұғалімдерге оқытуда АКТ-ны пайдалану ерекшеліктері, оқытуды жоспарлау негіздері, және оқыту үшін бағалаудың мәнін ашу болатын. Сессия барысында мұғалімдер сабақтарда жаңа әдіс -тәсілдерді пайдалану кезінде АКТ- ны пайдалану тиімді екенін атады. АКТ-ны пайдалану заман талабы, сабақ барасында пайдаланған кезде оқушылардың түсінігіне қонымдырақ болатын атады. Ал, сабақ жоспарын жасау кезде дәстүрлі сабақ жоспарымен тізбектелген сабақ жоспары арасында айырмашылық көп екенін көрсетті. Тізбектелген сабақ жоспары негізінен сабақ барысында қандай басымдықтарды алға қойылатынын, күтілетін нәтижені болжам түрінде жасалуын көрсетті.Өткізілген шаралардан кейін қатысушы мұғалімдерден рефлексия алынып, тәлімгер мен коучерлердің көмегімен іс-әрекеттегі зерттеу жүргізіліп отырды. Мектептің даму жоспары бойынша ұйымдастырылып өткізілген коучинг сессиялары мен кәсіби сұхбаттардың мақсаттарының орындалуында кедергілер де кездесіп отырды. Оны тәлімгер мұғалімдердің берген рефлексия есептері мен әңгіме барысында байқап отырдым. Бұл кедергілердің себептерін уақтылы анықтап, алдағы өткізілген шаралар барысында айтылған ұсыныстар енгізіліп, жоспарға өзгертулер енгізіліп отырды. Неліктен осы мақсаттар мен күтілетін нәтижелер анықталды дегенге тоқталатын болсақ, жоспардағы әрбір жұмыстың өздігінен орындалмайтыны белгілі. Оның өзіне сай жетістіктері мен кедергілеріде кездесіп отырады. Жетістіктерін зерделеп нәтижеге баратын бір қадам деп санасақ, кездесіп отыратын кедергілердің себебін анықтап, түзетулер мен өзгерістер енгізіп отыру, мектептің көп жылға жасалынған даму жоспарының өміршеңдігін анықтап береді. Мектеп тәжірибесінде жоспарланып өткізілген коучинг сессияларынан кейін тәлім алушы мұғалімдер өз сабақтарына оқытудың Кембриждік бағдарламасында қарастырылған сындарлы оқыту теориясының тәсілдерін енгізіп, қолдана бастады. Онда тәлім алушы мұғалімдер өздерінің сабақ жопарларын өзгертіп, орнына орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларды қолданысқа енгізді.Тәлімалушылар сабақ жоспарларының құрылымын өзгертіп, сындарлы оқыту теориясының тәсілдері арқылы түрлендіріп бірнеше сабақтар өткізді.Өткізілген әрбір сабақтан кейін сол сабақты өткізген, бақылаушы болып қатысқан, мұғалімдер мен оқушылардан рефлексивтік есептер алынып, ондағы айтылған пікірлері назарға алынды. Жаңа өткізілетін сабақтың жоспарына өзгеріс енгізуге, қай әдістердің тиімділігі, ең бастысы даму жоспарындағы басымдықтар мен күтілетін нәтижелер ескеріліп отырды. Оқушылар тарапынан байқалған кедергілер мен кемшіліктердің себептері іс-әрекеттерді зерттеу кезінде талданып, тиісті өзгертулер енгізілді. Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Мұнда мұғалімдер жалпы сабақты зертеуді бірлескен пәндер бойынша топтарда жүргізді.Сонда сабақты жоспарлау, сабақ өту, сабақтан кейінгі әңгіме сияқты кезеңдерді жүргізудің тиімділігін әсіресе жас мамандар ерекше атап өтті. Олар өз тәжірибесін жетілдіруде әріптестерінің ұсыныс пікірлерінің орны үлкендігін жеткізді.Мұнда мұғалімдер іс- әрекет барысында өзара идеялармен алмаса отырып,күрделі түсінбейтін мәселелерін шешуге мүмкіндік туғаннын жеткізді.
Мектеп тәжірибесінде жоспардың бірі сабақта «Lesson study» тәсілдерін енгізу болатын. Алдымен тәлімгерлік сұхбат кезінде «Lesson study» тәсілінің өткізу ережелері мен тарихымен тәлімгер кеңірек таныстырып өтті. Қорытындысында жалпы мұғалімдер арасында мәселені бірлесе шешу, проблеманың шешу механизмін анықтауды ,ал оқушылармен топтық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру кезінде жақсы нәтиже беретінін білдім. Мектептегі мәселені мұғалімдер мен оқушылар бірлесе ұйымдастырса, жоспарды кері байланыс жасай отырып жүргізсе мәселені шешу жолдарында табысты жетістікке жетуге болады екен.
Мектептегі тәжірибе кезінде анықталған тақырыпқа сай жоспар жасалынып, негізгі басымдықтар басшылыққа алынып, мектептегі негізгі проблемалары төңірегінде көптеген зерттеу сабақтары жүргізілді. Жоспардағы барлық жұмыстар кезінде нақтыланып алынған нәтиже мен табыс критерилерінің аясында жүргізіліп отырды. Нәтижесінде мұғалімдер оқыту мен оқудағы бірлескен оқудың тәсілдерін қолдануды меңгере бастады. Оқушыларда мектепте алған білімдері туралы пікірлер пайда болды. Мұғалімдердің өз кәсібіне көзқарастары өзгере бастады. Ең бастысы мектептің даму жоспарына өзгерістер енгізу арқылы мектептің жалпы жұмыс мазмұнына өзгеріс қажет екендігін сезіндіретін қозғау салды. Бұл өзгеріске деген оң пікір мұғалімдер мен оқушыларда пайда бола бастады.Сонымен қатар болашақтағы мектеп көшбасшысы ретінде мұғалімдердің құзыреттілігін жетілдіруде және оқушыларды оқыту әдістерін жақсартуда сындарлы оқыту теориясының тәсілдерін дұрыс қолдана білу мектепке оң серпіліс әкеледі деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгері) деңгей. "НЗМ" ДББҰ, 2012
2. А.Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері», Алматы-2012
3.semester.kz/refkaz/30/816
Достарыңызбен бөлісу: |