Тіркеті конспекті Тақырыбы: Созылмалы бронхит


Лабороториялық, құралдар диагностикасы



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі19,44 Kb.
#125701
түріКонспект
1   2   3   4
Байланысты:
№1 Бронхиттер, Бронхылық демікпе

Лабороториялық, құралдар диагностикасы:

  1. Жалпы қан талдау: лекоциотоз, жылдамдатылған ЭТЖ.

  2. Қақырық зерттеу: көп мөлшерде нейтрофильдер анықталады.

  3. Қақырықты антибиотиктерге сезімталдығына анықтау.

4. Бронхоскопия: бронх түтікшелерінің инфекциялық қабынуын (катаральді, іріңді, атрофиялық, гипертрофиясын) және қақырықтар анықталады.

5. Спирография: тыныс функциясының жетіспеушілік белгілері.

6.Рентгендік тексеру: өкпенің суреті тығыздалады, бронх түтікшелерінің деформациясы анықталады.
Емдеу принциптері:

Емдеу принциптері клиникалық түрлеріне, өту барысына байланысты. Этиологиялық факторларды жою.

Диеталық стол №15 тағайындалады.



Дәрі-дәрмектер:

І. Антибиотиктер:

Кең спекторлы антибиотиктер қақырық флорасына, антибиотиктерге сезім талдығына байланысты жүргізіледі.

Синтезделген пенициллиндер тобы:

Ампиокс 0,5г 1 таблеткадан 4 рет тәулігіне

Цефозалоспориндер: кефзол, цефозалексин, клафорон 1гр. 4 рет тәулігіне;



ІІ. Сульфаниламидтер:

а) Сульфален 0,2 г. бірінші күні 1,0 г. қалған күндері 1 таблеткадан 2 рет (таңертең, кешке).

б) Сульфамонометоксин, сульфади-метоксин 0,5 г. бірінші күні 2 таблеткадан 2 рет (таңертең, кешке), қалған күндері 1 таблеткадан 2 рет тәулігіне;



ІІІ. Қосымша антибиотик Бесиптол 840- 2 таблеткадан 2 мезгіл тәулігіне;

ІV. Нитрофурандар: Фуразолидон 0,15 г. 1 таблеткадан 4 рет, Трихапол 0,25г. 1 таблеткадан 4 рет тәулігіне;

V. Антисептиктер:Дигоксин 0,5%- 1мл -0,9%-10мл физ. ерітіндімен қ/т енгізу немесе эндобронхиальді енгізу.

VІ. Эндобронхиальді санация жасау

VІІ. Қақырық түсіретін дәрілер: Мукорегуляторлар (бромгексин, ласольван) 1 таблеткадан 2 рет тәулігіне;

Амбросан 30мг. таблеткада ( 2 мл. ерітінді қ/т, б/е енгізу )



VІІІ. Бронходилататорлар:

ІХ. Бронхолитиктер: Эуфиллин 2,4% -10 мл көк тамырға енгізу (обструкция кезінде)

Теофедрин 0,025 – 1 таб. 3 мезгіл; бронхолитин



Х. Дезинтоксикациялық ем:

ХІ. Физиотерапиялық ем кеуде қуысына қыша қағазын қою, массаж ультракүлгін сәулемен емдеу, диатермия электрофарез жасау.

ХІІ. Емдік денешынықтыру: позитциялық жаттығулар ( бронх түтікшелерінің дренажын жақсарту үшін) тағайындалады.

Асқынуы:

1. Өкпе жетіспеушілігі

2. Пневмосклероз

3.Өкпе эмфиземасы



Алдын алу шаралары:

Біріншілік: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен щұғылдану.

Екіншілік: «Саламатты Қазақстан 2015, Денсаулық 2016- 2020» стратегиялық бағдарламасы бойынша тұрғындарының денсаулық нығайту.

Үшіншілік: «Д» тізімге алу. Жалпы науқастың жағдайын кадағалау. Бақылау жиілігі4 рет жылына X-Ray кеуде торының рентгенографиясы – жылына 1 рет(1 аптада) ЖҚТ, ЖЗТ 2 рет жылына;

Жүктілік: Жүктілік қарсы көрсетілім емес. Препараттардың қабылдауын жүктілік кезінде шектеуін ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет