Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет2/3
Дата29.01.2018
өлшемі1,45 Mb.
#35739
1   2   3


Кесте №1


t, ч

Kt

t,ч

Kt

t, ч

Kt

0,5

2,3

9

0,072

18

0,031

1

1

10

0,063

20

0,027

2

0,435

11

0,056

22

0,024

3

0,267

12

0,051

24

0,022

4

0,189

13

0,046

26

0,020

5

0,145

14

0,042

28

0,018

6

0,116

15

0,039

32

0,015

7

0,097

16

0,036

36

0,013

8

0,082

17

0,033

48

0,01





Кесте №2


Екінші ретті өлшенген радиация көлемінің бірінші өлшемге қатынасы,Р21




Өлшенген уақыттардың арасы, мин

15

30

60

Жарылыстан кейінгі екінші өлшенге дейінгі уақыт( ... сағ ... мин)

0,9

3,00

6,00

12,00

0,8

1,30

3,00

6,00

0,7

1,00

2,00

4,00

0,6

0,45

1,30

3,00

0,5

0,35

1,10

2,20

0,4

0,55

1,50

0,3

1,35

0,2

1,20


Кесте №3

Паналау жерлерінің атауы

Кәлсіреу

Аумақта ашық жерде орналасу

1

Көліктік құралдар

Автокөліктер және автобустар

2

Темiр жол платформалары

1,5

Жабық вагондар

2

Жолаушылар вагондары, локомотивтер

3

Өнеркәсiптiк және әкiмшiлiк ғимараттар

Өндiрiстiк бiр қабатты ғимараттар(цех)

7

Өндiрiстiк және әкiмшiлiк қабатты ғимараттар

6

Тұрғын тас үйлер

Бірқабатты

10

Жертөле

40

Екіқабатты

15

Жертөле

100

Үшқабатты

20

Жертөле

400

Бесқабатты

27

Жертөле

400

Тұрғын ағаш үйлер

Бірқабатты

2

Жертөле

7

Екіқабатты

8

Жертөле

12

Тұрғын үшiн орташа

Қалалық

8

Ауылдық

4




Вариант №1

1. Сағат 10:25-те объект аумағында радиация деңгейі 4,6 Р/сағ болды. Егер жарылыс 6:25-те болған болса, жарылыстан кейінгі 1 сағатта радиация деңгейін анықтаңыз.

2. Зерттеу аумағында радиация дейгейі келесі уақыттарда өлшенді. Біріншісі 12:45-те Р1=65 Р/сағ, екіншісі 13:00-де Р2=60 Р/сағ. Жарылыс уақытын анықтаңыз.

3. Жарылыстан 1 сағаттан соң жолаушылар панаханадан жабық вагондарға келді. Жарылыстан кейінгі 1 сағатта объект аумағында радиация көлемі Р1=150 Р/сағ тең.

Жол 6 сағат көлемінде жалғасқан болса, вагондағы жолаушылардың экспозиционды доза сәулесін анықтаңыз.

Вариант №2

1. Сағат 18:40-та объект аумағында радиация деңгейі 0,8 Р/сағ болды. Егер жарылыс тура бір тәулік бұрын болған болса, жарылыстан кейінгі 1 сағатта радиация деңгейін анықтаңыз.

2. Зерттеу аумағында радиация дейгейі келесі уақыттарда өлшенді. Біріншісі 16:45-те Р1=55 Р/сағ, екіншісі 17:15-де Р2=45 Р/сағ. Жарылыс уақытын анықтаңыз.

3. Жарылыстан 3 сағаттан соң адамдар панаханадан бір қабатты ағаштан жасалынған тұрғын үйге келді. Жарылыстан кейінгі 1 сағатта объект аумағында радиация көлемі Р1=300Р/сағ тең.

Жасырыну 3 сағат көлемінде жалғасқан болса, үйдегі адамдардың экспозиционды доза сәулесін анықтаңыз.

Вариант №3

1. Егер жарылыс 14:30-да болған болса, сағат 23:30-да объект аумағында радиация деңгейі 2,34Р/сағ тең болды. Жарылыстан кейінгі 1 сағатта радиация деңгейін анықтаңыз.

2. Зерттеу аумағында радиация дейгейі келесі уақыттарда өлшенді. Біріншісі 8:00-де Р1=18 Р/сағ, екіншісі 9:00-де Р2=10 Р/сағ. Жарылыс уақытын анықтаңыз.

3. Жарылыстан 2 сағаттан соң жұмысшылар панаханадан екіқабатты тастан жасалынған тұрғын үйдің жертөлесіне келді. Жарылыстан кейінгі 1 сағатта объект аумағында радиация көлемі Р1=140Р/сағ тең.

Жасырыну 4 сағат көлемінде жалғасқан болса, жертөледегі жұмысшылардың экспозиционды доза сәулесін анықтаңыз.

Вариант №3

1. Егер жарылыс 16:00-де болған болса, сағат 21:00-де объект аумағында радиация деңгейі 1,63Р/сағ тең болды. Жарылыстан кейінгі 1 сағатта радиация деңгейін анықтаңыз.

2. Зерттеу аумағында радиация дейгейі келесі уақыттарда өлшенді. Біріншісі 15:50-де Р1=43 Р/сағ, екіншісі 16:20-да Р2=35 Р/сағ. Жарылыс уақытын анықтаңыз.

3. Жарылыстан 4 сағаттан соң жұмысшылар панаханадан өндiрiстiк және әкiмшiлiк қабатты ғимараттарнакелді. Жарылыстан кейінгі 1 сағатта объект аумағында радиация көлемі Р1=175Р/сағ тең.

Жасырыну 8 сағат көлемінде жалғасқан болса, ғимараттағы жұмысшылардың экспозиционды доза сәулесін анықтаңыз.
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру: ХҚАЗ лақтырмасы бар авариялардың қауіптілігін

бағалау әдістемесі. Н-14,56-79бет 2 мин (5%)



Сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдайды бағалау. Құтқарушылы және апатты орнына келтіру жұмысы

3 Сабақ: ХҚАЗ лақтырмасы бар авариялардың қауіптілігін бағалау әдістемесі



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: студенттерді ХҚАЗ-ның қысқа сипаттамасымен таныстыру;

-ХҚАЗ лақтырмасы бар авариялардың қауіптілігін бағалау әдістемесімен таныстыру;

-ТЖ зардаптарын жою бойынша іс-шараларға қатысу кезіндегі белсенді азаматтық позициясы мен білімге талпынысын арттыру.

  • тәрбиелік: химиялық қауіпті объектідегі апат кезінде химиялық жағдайды бағалау әдістемесін білу;

-интерактивті оқу технологияларын ендіру;

-ХҚАЗ улану клиникалық белгісі мен әсер ету механизымын

білуге тәрбиелеу.


  • дамыту: топ ішінде тіл табыса алу және топ араларындағы

қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: ақпарат материалымен жұмыс істеу,түймедақ ойыны,

ТBL,кіші топтармен жұмыс,бірін-бірі үйрету,пікір талас,

тесттік тапсырмаларды орындау.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: альбом, атлас, кестелер,

суреттер,кеспе қағаздары,.



б) оқыту орны: 116 аудитория.

6. Әдебиеттер:

Негізгі: (Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша: (Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Химиялық қауіпті объектілер.

2. Химиялық зақымдану ошағы

3. ҚӘУЗ пенУЗ түрлері мен сипаттамасы.

4. Химиялық қауіпті апатты заттары бар объекттердің бұзылуы (авария)

кезінде химиялық жағдайды бағалау.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс


  • Химиялық қауіпті объектілер

ҚӘУЗ шығаратын өнеркәсіп орындарының,бейбіт және соғыс уақытындағы авариялар мен химиялық заттардың фото суреттерін, бейне фильмін көрсету.

  • Ақпарат материалымен жұмыс істеу

Қатты әсер ететін улы заттар шығарушы, тасушы, пайдаланушы немесе сатушы нысандарда химияның,мұнай-өндірістік,мұнай-химиялық және басқа да оларға салалық тектес өнеркәсіп кәсіпорындарында болады.Бейбіт уақытта авариялар болуы мумкін, ал соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратып, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы мүмкін.

Химиялық қауіпті апатты заттар (ХҚАЗ)

ХҚАЗ улану клиникалық белгісі мен әсер ету механизмі туралы ақпаратты талқылау.

Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және тұрмыста қолданатын химиялық заттардың ассортименті көбеюде. Олардың бірқатары улы, әрі зиянды болып келеді. Олар қоршаған ортаға шығарып тасталған немесе төгілген жағдайда адамзатқа, жануарларға жаппай зиян келтіріп, ауаны, суды, жер қыртысын, өсімдіктерді зақымдайды, ластайды. Оларды – химиялық қауіпті апатты заттар (ХҚАЗ) деп атайды. ХҚАЗ белгілі бір түрлері мұны өндіретін өнеркәсіптерде және оларды өнеркәсіп барысында қолданатын мекемелерде көп мөлшерде бар. Апат болған жағдайда тек сол объектідегі адамдарға ғана емес, сонымен қатар жақын маңда орналасқан елді-мекендердің тұрғындарына зиянын тигізуі мүмкін. Мұндай ірі улы заттардың мол қоры –химия өнеркәсібінде, целлюлоза – қағаз өндіру өнеркәсібінде, қорғасын, мұнай өңдеу өнеркәсібінде, қара және түрлі түсті металлургияда, минералды тыңайтқыш өндіру өнеркәсібінде бар.

Уланудың клиникалық белгісі және әсер ету механизмы ХҚАЗ келесі түрлерге бөлінеді:

•тұншықтырғыш әсері бар уландырғыш заттар (хлор, фосген, дифосген, хлорпикрин, күкірт хлориды, фтор және оның қосылыстары және т.б.);

•жалпы әсер ететін уландырғыш заттар (көміртегі тотығы, цианидтер, анилин, гидразин және т.б.);

•жалпы уландырғыш және тұншықтырғыш әсері бар заттар (күкірттісутегі, күкірт диоксиды, азот қышқылы, азот оксидтері және т.б.);

•нервтік-жүйкелік уландырғыш заттар (фосфорорганикалық қосылыстар);

•нейроротропты және тұншықтырғыш әсері бар заттар (аммиак);

•метоболикалық улар (диоксин, күкірт тотығы, метилбромид, дихлорэтан және т.б).

ХҚАЗ тыныс алу жолы, көздің кілегей қабаты, асқазан-ішек жолы (ластанған асты және суды қолданғанда), (киіммен қорғанған немесе қорғанбаған), ашык жарақаттар арқылы организмге өтеді.

Қарапайым жағдайда ХҚАЗ газтәрізді немесе сұйық күйде болады. Газтәрізді сығылып өндірісте, қолданғанда, сақтағанда және тасымалданғанда сұйық күйде болады және оның көлемі азаяды. Апат кезінде ХҚАЗ шығарылады, аймаққа жұқтырады. Желдің бағытына қарай тереңдігі 10 км аймақты ХҚАЗ бұлтты жұқтырады, жергілікті жердегі адамдарда зардап шегеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет