ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
пӘні бойынша
ТЕОРИЯЛЫҚ САБАҚҚА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Мамандығы: 0032000 «Медбикелік іс»
Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»
Курсы: ІІІ
Семестрі: V
Тақырыбы: Модуль 3.Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау.
(жалпы сағат саны:12сағ;теория-4сағ)
ШЫМКЕНТ 2014 ж
Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
«Бекітемін»
Акушерия және гинекология курсымен
АМСЖ кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.
Құрастырған: аға оқытушы, магистр Жақсылықкеліні Ұ.А.
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері
(жалпы сағат саны:12сағ;теория-4сағ -180 мин)
№1 Сабақ:Төтенше жағдайда тұрғындарды қорғау.
Сағат саны:45 мин (100%)
Сабақ түрі: теориялық
Сабақтың мақсаты:
оқыту:тұрғындарды қорғаудың негізгі ұстанымдарын білу;
тәрбиелік: ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды білуге тәрбиелеу;
дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі:түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе
қағаздары.
б) оқыту орны:116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.
12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.
13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004
14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.
15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.7мин (15%)
Сұрақ-жауап.
9.Жаңа сабақты түсіндіру10мин(30%)
10. Ақпараттық материалмен жұмысы:15 мин (35%)
Халықты қорғау принциптері. Қазақстан Республикасының 05.07.1996ж. қабылданған «Табиғи және техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлар» туралы заңында көрсетілген. Онда халықты қорғаудың негіздері, қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың құқығы мен міндеттері, төтенше жағдай кезінде жедел медициналық көмекті ұйымдастыру негіздері қаралады
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлар» туралы заңының 1-ші бөлім, 3-ші беттерінде халықты, қоршаған ортаның қорғаудың негіздері қарастырылды:
төтенше жағдайды алдын – ала болжауды, алдын – алу шаралары мен халыққа хабарландыруды ұйымдастыру;
қауіп әкелетін шығынды алдын – ала болжауды ұйымдастыру, халықты қорғау шараларын жүргізу;
құтқару, қалпына және басқа төтенше жағдайдың алдын – алуда жедел жұмыс жүргізу, жедел медициналық көмек көрсету, зардап шеккен жұмысшылар мен халықты әлеуметтік қорғау.
Төтенше жағдайда халықты қорғау тәсілінің негізгі қағидалары.
Бейбіт және соғыс уақытында біздің республикамызда іске асырылатын төтенше жағдайдың ең маңыздысы халықты қорғауды қамтамасыз ету шаралары болып табылады.
Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгіленген ережелер.
05.07.1996ж. Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туралы» Заңының 1 – тарауының 3 – бабына халықты, қоршаған орта мен ШО табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде қорғаудың негізгі қағидалары анықталған.
Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және қазіргі заманғы заманауи соққы беруден қорғау, үш негізгі қорғау тәсілі кіретін, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады.
Қорғаныс ғимаратына адамдарды жасыру;
Тұрғындарды көшіру және орналастыру;
Халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.
соғыс кезінде заманауи соққы беру құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілі болып табылады. Қорғаныс ғимараттары – бұл панаханалар, радиацияға қарсы жасырыну (РҚЖ) және қарапайым панаханалар.
Қорғаныс ғимараттарына жасыру жолымен халықты қорғауды қамтамасыз етудің ең маңызды шарттарының бірі, панаханалар мен РҚЖ-ны тұрақты дайындықта ұстау, сондай –ақ АҚ дабылы болғанда халықты оларға тезірек кіруге үйрету.
Сонымен қатар, ТЖ туындағанда панаханалар мен РҚЖ басқару пункті ретінде қолданылады.
ТЖ- да халықты көшіру , әсіресе бейбіт уақытта болған ТЖ – ға, сондай – ақ соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы соққы беру құралдарынан қорғауға тән.
Халықты жеке басын қорғау үшін қолданылатын құралдармен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары, радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалды құралдардың организмнің ішіне, теріге киімге түсуінен, жұғуынан қорғауға арналған.
Олар келесілерге бөлінеді:
тыныс алу органдарын қорғау тәсілдері (ауаның сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы, (ПТМ- 1) және мақта – дәке таңғышы);
теріні қорғау тәсілі арнайы (арнайы оқшаулап қорғайтын киім, тұрғындары қорғайтын сүзгі және бейімделген киімі).
Жеке басын қорғау заттарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.
Халықты қорғау республикамыздың АҚ – ның басты міндеті, себебі адамдар – ең жоғарғы құндылық болып табылады, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ – ның алдын – алу мен әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.
Халықты инженерлік қорғау шаралары: бүкіл респулика аумағында алдын – ала; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының кешенінде жоспарланады және жүзеге асырылады; дифференциялау (панаханалар АҚ бойынша топтарға жататын қалалар мен аса маңызды объектілерде, радиациядан қорғайтын орындар қаланың сыртындағы (қауіпсіз) аймақта салынады) жүргізілуі тиіс; халық қорғаныс ғимаратын дұрыс пайдалануға дағдылануы қажет; халыққа хабарлау жүйесі ТЖ туындай қаупі мен туындауы кезінде АҚ дабылдары мен ақпараттарды беруге тұрақты даярлықта болуы тиіс.
Қорғаныс ғимараттары – бұл инженерлік ғимарат, ол халықтың радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттардан зақымдануын барынша азайтуға арналған.
Төтенше жағдайда тұрғындарды қорғаныс ғимаратына жасыру. Халықты соғыс кезінде заманауи соққы беру құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілі болып табылады. қорғаныс ғимараттары – бұл панаханалар, радиацияға қарсы жасырыну (РҚЖ) және қарапайым панаханалар.
Қорғаныс ғимараттарына жасыру жолымен халықты қорғауды қамтамасыз етудің ең маңызды шарттарының бірі, панаханалар мен РҚЖ-ны тұрақты дайындықта ұстау, сондай-ақ АҚ дабылы болғанда халықты оларға тезірек кіруге үйрету.
Сонымен қатар, ТЖ туындағанда панаханалар мен РҚЖ басқару пункті ретінде қолданылады.
Қорғаныс ғимараттарының жіктелуі:
Қорғаныс белгісіне қарай:
панахана;
радиациядан қорғайтын орындар (РҚО);
қарапайым жасырыну орындары;
Мақсатына қарай:
халықты қорғауға арналған;
басқару органдарын орналастыруға арналған (басқару пункттері).
Орналасуына қарай:
жапсарлас салынған;
жеке салынған.
Құрылыс мерзімі бойынша:
бейбіт уақытта алдын ала салынған;
жылдам тұрғызылатын (шабуыл қауіпі болғанда тұрғызылады).
Панахана сиымдылығы бойынша мыналар бөлінеді:
шағын – 300 адамға дейін;
орташа – 300 – 600 адам;
кең – 600 – ден астам.
Негізгі бөлмелерге:
жасырынушыларға арналған бөлмелер;
басқару пункттері;
санитарлық орын (медпунк) жатады.
Қосалқы бөлмелер:
сүзгіжелдеткіш бөлмелер;
санитарлық тораптар;
қорғалған дизэлектрстанциялары;
электрщиттері;
азық – түлік сақтауға арналған бөлме;
айдау станциясы;
балондық;
тамбур – шлюз;
тамбурлар.
Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі қабатты нар кезінде 0,5м2және үш қабатты нар кезінде 0,4м2 болуы керек. Бөлменің көлемі бір жасырынушыға – 1,5м.куб.
Бөлменің биіктігі 2,15 – тен 3,5 м дейін болуы керек.
Есептелген жатуға арналған орынның саны: жатуға арналған орын нар екі қабатты болып орналасқанда, панаханада жалпы орынның 20% - ды, ал үш қабатты болып орналасқан кезде 30% - ды құруы тиіс.
Сүзгіш – желдеткіш жүйесі тәртіп бойынша 2 режімнен тұрады.
таза желдеткіш – ауа радиоактивті шаңнан тазарады;
сүзгіш – желдеткіш – ауа сүзгіде тазартады, сонымен қатар, улайтын және бактериалы заттардан тазартады.
Бір жасырынушыға шаққандағы ауа көлемі:
таза желдету режімі бойынша – 13куб.м/сағ. дейін;
сүзгіш – желдеткіш режімі бойынша – 3куб.м/сағ. дейін.
Қажетті ауа қоршаған ортаның температурасына байланысты және
панаханаларды салған кезде ескеріледі.
Панаханалардағы санитарлық тораптар – екіден кем болмауы тиіс, бірі ер адамдарға, екіншісі әйел адамдарға деп бөлінеді.
Панаханалардағы жылыту панахананың іші паналаушыларға толғаннан кейін тоқтатылады.
Ғимараттың ішіндегі ең жоғарғы температура +340С және одан жоғары болса, (адам өміріне қауіпті).
Панаханада әрбір жасырынушы үшін қарастырылған ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 литрден болып қарастырылған.
Қорғаныс ғимаратының ішіндегі ауадағы кислородтың ең аз мөлшері - 14% және одан төмен болса, адам өміріне қауіпті.
Шағын көлемді бөлмеде, ереже бойынша, панаханадағы ауаның таралуы үшін электрліқол желдеткіші орнатылады.
Орта және үлкен көлемді панаханаларда қорғалған дизелді – электростанциясын орнату қарастырылады.
Панаханаларда, ереже бойынша, шығу есігі екіден кем болмауы керек, олардың біреуі авариялық шығу болып қолданылуы мүмкін. Панаханалардағы сыртқы есікте ішкі есікте, ауа өтпейтіндей қорғалған.
Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) – қарсыластың шабуыл жасау қаупі төнгенде, 15 тәуліктен 1 айға дейінгі қысқа мерзімде, қарапайым жабдықтармен салынатын қорғаныс ғимараты.
Оның сиымдылығы, ережеге сейкес, 50 және 100 адам.
Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) – олар адамдарды радиоактивті зақымдалу (ластану) жағдайында сәулеленуден қорғауды және үсті – үстіне келіп жатқан, екі тәулікке есептелінген жасырынушыларды қабылдауды қамтамасыз ету керек. РҚО шамалы қираған жерде орналасатын болса, оларды қоршаған құрылымдар, 20кПа (0,2 кгс/кв.см.) тең шепте болған соққы толқынының қысымына төтеп беруше есептелінген болуы керек. РҚО қатты бұзылуы мүмкін аймақтан алшақ орналасқан шаруашылықпен айналысатын объектілер жұмысшылары мен қызметкерлерін, сонымен қатар санатталмаған қалалар, ауылдар мен елді мекендердің халқын көшіру кезінде белгіленген қалалар мен ауылдардың және елді мекендердің халқын қорғауға арналған.
Қарапайым панахана
Панаханалармен РҚО жетіспегенде, сондай – ақ уақыт тапшы болып және қаражат болмаған жағдайда, барлық еңбекке жарамды жұртшылық бірігіп, қарапайым панахана – құрылыстарын (ашық және жабық) салады.
Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды. Шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 – 2 есеге азаяды. Сәулеленуге ұшырау ықтималдығы 2,3 есе азаяды.
Егер тесіктерді бекітсе, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады, соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады. Тесіктер мен жарықтарды бекіту, сонымен қатар, киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, ондай – ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)
Сұрақтар:
Халықты қорғау принциптері.
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау. тәсілінің негізгі қағидалары.
Инженерлік қорғау.
Адамдарды қорғаныс ғимаратына жасыру халықты.
Халықты көшіру.
Қорғаныс ғимараттарының жіктелуі.
Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП).
Радиациядан қорғайтын орын (РҚО).
Қарапайым панахана.
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)
13. Үйге тапсырма беру.Халықты қорғауды ұйымдастыру
Н-13, 55-60бет 2 мин (2%)
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері
№2 Сабақ:Халықты қорғауды ұйымдастыру
1.Сағат саны:45 мин (100%)
2.Сабақ түрі: теориялық
Сабақтың мақсаты:
оқыту:тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістерін оқып білу;
тәрбиелік: ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды білуге тәрбиелеу;
дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі:түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе
қағаздары.
б) оқыту орны:116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.
12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.
13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004
14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.
15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004
Достарыңызбен бөлісу: |