Хайуанаттар және өсімдік уларымен уланған кездегі дәрігерге дейінгі көмекті көрсету
Улы саңырауқұлақтардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ. Адам асқа жарамды саңырауқұлақты, егер ол бүлінген болса, жеген кезде улануы мүмкін (зең түскен, шырыш аққан және ұзақ сақталған).
Бозғылт арамқұлақ жаздың екінші жартысы мен күзде өседі. Аса улы саңырауқұлақтардың бірі. Ол сары, жасыл немесе ақ түсті болып та кездеседі. Саңырауқұлақ түсі ақшыл болған сайын оның улылығы да күшті. Бозғылт арамқұлақты басқа саңырауқұлақпен шатастыру өте қиын, тек жас саңырауқұлақтың қозықұйрықпен (шампиньон) кейбір ғана ұқсастығы бар. Жас қозықұйрықта қалпақшысының төменгі жағындағы қатпарлар қызғылт түсті, ал бозғылт бозғылтқұлақта ақ түсті. Сонымен қатар сұрғылт арамқұлақтың улары-фаллоин, фаллойдин мен амантин (аматотоксин) қайнатқан кезде де, құрғатқан кезде де өзінің улылық қасиетін жоғалтпайды. Олар тіпті адамның асқазаны мен ішегінде де бұзылмайды. Сұрғылт арамқұлақтың улылығы туралы ақиқатты мына мысалдан көруге болады. Бала осы саңырауқұлақтың 1/3 бөлігін жесімен-ақ өте ауыр күйге ұшырайды. 1-4 сағат аралығындағы жасырын мерзімнен кейін уланған адамның іші қатты бұрап ауырады, құсады, іші өтеді, организм шөліркейді, құрысады. Уланғаннан кейін екінші күні дененің температурасы көтеріліп, бүйрек түйнейді, сары ауру деңдейді, тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі, гипотония қысымның төмендеуі) байқалады. Адам көбінесе бүйректің жеткіліксіз қоректенуі (дистрофия) салдарынан өледі.
Шыбынжұтпен улану біршама жеңілірек өтеді. Қатты өскен шыбынжұтты басқа саңырауқұлақтан ажырату қиын емес. Кейде жаңа өсіп келе жатқан шыбынжұтты сыроежкадан (саңырауқұлақтың бір түрі) ажырату қиынға түседі. Шыбынқырғышта атропино тектес алколоидтар, мускарин мен аманитин кездеседі. Улану негізінен мускариннің әсерінен болады. Жасырын мерзім 1-2 сағатқа созылады, бұдан қатты тер шығады, сілекей ағып, көзден жас шығады, жүрек айниды, құсық келеді, іш өтеді және бұрап ауырады. Орталық нерв жүйесіне әсер ету салдарынан бас айналады, сондай-ақ адам өзін-өзі ұстай алмай, көзіне бірдеңелер елестейді. Сауығу әдеттегідей 1-2 күннен кейін басталады. Өлімге ұшырататын жағдай да кездесіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |