63
Сурет 8 – Абердин-ангус тұқымы канадалық селекциясының жаңа туған ІІІ
генерация бұзауларының физиологиялық жетілу көрсеткіштері, %
Гипотрофиктарға жалпы ағзаның, сондай-ақ жекелеген ағзалар мен
жүйелердің дамуында айқын тежелуі және физиологиялық жетілмеген жаңа
туған бұзаулар жатқызылды. Жаңа туған бұзауларды зерттеу нәтижелерін
талдау әртүрлі текті сиырлардан алынған норма - және гипертрофия
жағдайында туу пайызын анықтауға мүмкіндік берді, 9-сурет.
Зерттеу барысында канадалық селекцияның 91,3% бұзаулары
физиологиялық жетілген, ал антенатальды гипотрофиясы жағдайында 8,7% -
ға дейін канадалық селекция бұзаулары дүниеге келгені анықталды.
Физиологиялық жетілген бұзаулар жалпы және жергілікті сипаттағы
рефлекстердің көрінісімен сипатталатын белсенділік деңгейінде болды.
Сурет 9 – Канадалық және еуропалық селекция екінші генерация
сиырларынан алынған жаңа туған бұзаулардың жетілу үлесі
Нормотрофик бұзаулар қалыптан рахиттық ауытқуларсыз дұрыс
дамыған қаңқасы мен қалыпты дамыған бұлшықетке ие болды. Туғаннан кейін
бұзаулар жарты сағат бойы сыртқы ортаға әлсіз әрекет ете отырып,
"ұйқышылдық" күйде болды. Сыртқы ортаның жағдайына бейімделуіне қарай,
басын көтеріп, ақырын мөңіреп дыбыстарын шығара бастады. Мінез-
Достарыңызбен бөлісу: