59
Жоғарыда суретте көрсетілген әдіс бойынша сүт сауылып, арнайы сүт
құрамын анықтауға арналған «Клевер-2» сүт анализаторымен сүттің
химиялық құрамы анықталды. Суретте 14 сауым маусымы күніндегі сиыр
сүтінің химиялық құрамы көрсеткіштері, 19-кесте.
Кесте 19 – Екінші генерация сиырлары сүтінің химиялық құрамы
Көрсеткіштер
Абердин ангус тұқымы
Еуропалық
селекция
Канадалық
селекция
Құрғақ заттың салмақтық үлесі, %
12,89±0,16
13,36±0,21
Майлылығы, %
3,81±0,14
4,08±0,18
Ақуыздың салмақтық үлесі, %
3,4±0,01
3,46±0,03
Лактозаның салмақтық үлесі, %
4,98±0,23
5,10±0,19**
Құрғақ сүттің майсыз құрғақ заты, %
9,67±0,01
9,92±0,01
Күл, %
0,70±1,4
0,72±1,4
Бір кг сүттің калориялығы, кДж
2,86
2,98
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001
Жоғарыдағы 19-кестеден екі топтағы сиырлар сүтінің химиялық
құрамын зерттеу кезінде сүттің негізгі компоненттерінің
мөлшерінде және
оның энергетикалық құндылығында біршама айырмашылықтар анықталды.
Сүттегі құрғақ заттың жоғары мөлшері канадалық ІІ генерация сиырларында
13,36% құрап, еуропалық жастастарынан 0,47% жоғары болды. Сүттің
майлылығы бойынша да басымдылық канадалық селекцияның сиырларының
үлесіне тиісілі болды 4,08%, немесе 0,27% жоғары. Канадалық ІІ генерация
сиырларының сүтіндегі қанттың, құрғақ майсыздандырылған сүт
қалдықтарының және күлдің деңгейі 5,10; 9,92 және 0,72% құрап,
тиісінше
еуропалық сиырлардан 0,12; 0,25 және 0,02% басым болды.
Сүттің химиялық құрамының негізгі көрсеткіші ол энергетикалық
құндылығы. Бұл көрстекіш бойынша
топтар арасында айтарлықтай
айырмашылық анықталмады. Канадалық сиырларда бұл көрсеткіш
аналогтарымен салыстырғанда 0,12 басым болды.
Достарыңызбен бөлісу: