79
бойынша тиісінше 12,75 және 16,43 данаға артық болды. Қыс мезгіліндегі
түк жамылғысының қалың болуы Солтүстік Қазақстан облысының суық
континетальды климатына тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Әртүрлі селекция сиырларының түк жамылғысының жағдайынан
басқа, түк жамылғысының құрылымы зерттелді: қылшық, аралық және
түбіт, 33-кесте.
Кесте 33 – Үшінші генерация төлдерінің түк жамылғысының құрылымы, %
(n=10)
Көрсеткіштер
Абердин-ангус тұқымы
І (канадалық)
ІІ (еуропалық)
Қыс/Жаз
Қыс/Жаз
Қылшық,%
50,83±0,33
52,10 ±0,47
50,35±0,41
52,00 ±0,24
Аралық талшық
22,22±0,29
25,10 ±0,33
25,60±0,42
24,90 ±0,45
Түбіт
26,95±0,38*
22,80±0,63
24,05±0,24
23,10 ±0,43
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001
Жоғарыдағы 33-кестені талдай келе солтүстік Қазақстанның суық
климатына оңтайлы болып келетін түк жамылғысының құрылымын
канадалық селекция малдарынан көруге болады, себебі қысқы уақыттағы
маңызды түк жамылғысы болып саналатын түбіт саны бойынша еуропалық
селекция малынан басым болып табылды.
Осылайша, канадалық селекцияның жас малдары қоршаған ортаның
жоғары температурасына бейімделушілікке ие, өйткені оларда Қазақстанның
солтүстік аймағының жаз айларына тән ыстық ауа-райында ағзаның
ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін жетілдірілген
терморегуляция жүйесі бар.
Достарыңызбен бөлісу: