85
жағдайына бейімделгендігін аңғаруға болады. Тек жаз уақытында еуропалық
селекция үшінші генерация ұрпағы 0,1
есеге асып, жаз мезгілі бойынша
бейімделуге оңтайлылығын көрсетті.
Этология көрсеткіштері бойынша
канадалық селекция төлдері өзінің белсенділігін танытып, Қазақстанның
солтүстік өңірі жағдайына тез бейімділігін көрсетті. Ол дегеніміз канадалық
селекция төлдері еуропалық селекция төлдеріне қарағанда ширақ болды және
тәуліктің көп уақытын белсенді қозғалыспен әрі азықтануға жұмсаған.
Физиологиялық көрсеткіштері бойынша зерттеу барысында еуропалық
селекцияның 87,7% бұзаулары
физиологиялық жетілген, ал антенатальды
гипотрофиясы жағдайында 12,3%-ға дейін еуропалық селекция бұзаулары
дүниеге келгені анықталды. Физиологиялық жетілген бұзаулардың тірі
салмағы зерттелген бұзаулар санының 79,2%-ында 23,6±1,62 кг, яғни абердин-
ангус тұқымының жаңа туған бұзаулары денесінің орташа массасына сәйкес
келді. Олардың дене температурасы зерттелген бұзаулар санының 85,4%–ы
(39,2±1,35 °C) шамасында болды, 83,4%-да катаболизм коэффициенті – 1,01
болды.
Клиникалық белгілердің жиынтығы бойынша еуропалық селекциялық
абердин-ангус тұқымының жаңа туған бұзауларында антенаталдық
гипотрофияның даму жиілігі 12,3%-ды құраса, канадалық селекцияның 91,3%
бұзаулары физиологиялық жетілген, ал
антенатальды гипотрофиясы
жағдайында 8,7% -ға дейін болды.
Қан сарысуының лизоцимдік, бактерицидтік және қанның фагоцитарлық
белсенділігінің көрсеткіштері физиологиялық норма шегінде екенін көрсетеді.
Қашарлардың да, бұқашықтардың да осы белсенділік көрсеткіштері
қанадалық селекциясында басым болды. Фагоцитарлық көрсеткіш бойынша
канадалық селекция қашарларында төменгі шек жазғы уақытта байқалса,
еуропалық селекция қашарларында күзгі уақытта байқалды.
Ет өнімділігін бұқашықтардың 15 айындағы сойыс көрсеткіштері
бойынша анықталды.
Канадалық және еуропалық селекция бұқашықтары жоғары ет өнімділігін
көрсетті. Алайда селекция аралық салыстыру бойынша канадалық селекция
бұқашықтары сойыс салмағы бойынша еуропалық селекция бұқашықтарынан
3,57 кг-ға немесе 0,4%-ға басым болды.
Канадалық селекция бұқашықтарының
ұша құрамы 73,7% таза ет бөлігінен тұрса еуропалық селекция құрдастарында
0,5%-ға кем, ал сүйек және сіңір шығымы бойынша еуропалық селекция 0,5%-
ға басым болды. Алынған нәтижелерді
қорытындылай келе канадалық
селекция бұқашықтары ет құрамы бойынша еуропалық селекция
құрдастарынан басым болып шықты.
Жалпы ірі қара малын өсіру экономикалық тиімді екені анықталды,
рентабельділік деңгейі канадалық қашарларында 35,6% болса, еуропалық
селекция қашарларында 32,4% болды. Сонымен қатар бұл импортталған
абердин-ангус тұқымының үшінші генерация төлдерінде канадалық селекция
ұрпақтары мөл өнім беретіндігі және Солтүстік Қазақстан өңірінің
экстремалды қатал климатына бейім екендігін көрсетеді.