Жетілмей туған нәрестелер, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі



Дата07.02.2022
өлшемі11,18 Kb.
#91947
Байланысты:
П 05.10


Жетілмей туған нәрестелер, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі.

Тапсырма №1


«Фронтальды сұрақтар»

1. Жетілмей туылған нәрестелер.


Жаңа туылған нәресте құрсақішілік дамудың 23-37 апталары аралығында туылса (жетілген балада бұл мерзім 38-40 аптаны құрайды) туылған кездегі салмағына қарамастан шала туылған нәресте болып есептелінеді.


2. Жетілмей туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.


Салмағы 2500 гр-нан артық болатын нәрестелер де жиі шала болып туылады. Салмағы бойынша аз салмақтағы балалар:


-төмен салмақтағы балалар (2500-1500 гр.);
-өте төмен салмақтағы балалар (1500-1000 гр.);
-тым төмен салмақтағы балалар (1000 гр-нан төмен) болып бөлінеді.
Шалалықтың морфологиялық белгілері. Шала туылған балалардың сыртқы келбеті жүктілік мерзіміне тікелей байланысты бірқатар белгілерден тұрады. Баланың гестациондық жасы неғұрлым аз болса, соғұрлым белгілері көп, анық болады.

3. Жетілмей туылған нәрестелердің белгілері.


Терең шала туылған баланың терісі жұқа, қыржымдалған, қоңыр қызыл түсті, қалың ұлпамен қапталған. Құлақ шеміршектері жұмсақ, бас жаққа жақын жатады, гестацияның кіші мерзімдерінде рельефі болмайды, шеміршек тінінің жетілмеуіне байланысты пішінсіз болады. Емшек ареолдары жетілмеген, 3-мм-ден төмен, терең шалалықта тіпті анықталынбайды. Өкшедегі сайлар сирек, қысқа, терең емес, жүктіліктің 37 аптасында пайда болады, 40 апталық гестацияда олардың саны көп болады. Ер балалардың ұмасы жиі бос болады, аталық ұрық бездері шап каналында немесе іш қуысында болады. Қыздарға жыныс санылауының ашықтығы тән, үлкен жыныс ернеулері кіші жыныс ернеуін жаппайды, гипертрофияға ұшыраған шошақай немесе шүрті жақсы көрінеді.


Шала туылған баланың өлшемдері кіші болады, дене бітіміне пропорциональды емес: басы мен денесі үлкен, мойны және аяқтары қысқа, кіндік сақинасы төмен орналасады. Бастың ми бөлігі бет бөлігінен үлкендеу. Бастың жіктері мен еңбектері ашық. Тері асты май қабаты жетілмеген.

4. Шалалықтың қызметтік (функциональдық ) белгілері


Шала туылғандарға барлық мүшелері мен жүйелерінің жетілмеуі тән, олардың дәрежесі жүктілік мерзіміне байланысты болады. Шалалықтың неврологиялық белгілеріне: бұлшық еттік гипотония, физиологиялық рефлекстері мен қимыл белсенділігінің төмендеуі, терморегуляцияның бұзылуы, сәбидің әлсіз дауысы жатады. Балалар тынышсыз болады, иек пен аяқ-қолдарының тұрақсыз қалтырауы (треморы) байқалады.


​Тыныс алуы минутына 40-90 рет тыныс алу қимылын құрайды, ырғағы және тереңдігі бойынша бірқалыпты емес, ұзақтығы 10-15 сек. құрайтын құрыспалы тыныс алумен және пауза-үзіліспен (апноэ) үзіледі. Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесінің гипоксиялық зақымдануы бар терең шала туылған балаларда жиі байқалады. Тыныс алудың ұзақ уақытқа тоқтап қалуында асфиксия - тұншығудың болуы мүмкін. Тамыр соғысы әлсіз, минутына 100-ден 180-ге дейін, қан қысымы 60-70 мм. сын. бағ. аспайды.

5. Медициналық көмекті ұйымдастыру


​Шала туылғандарды күтіп баптау мәселесі өте қиын нәрсе, өйткені олар ана ағзасынан тыс өмір сүруге әлі жетілмеген. Сондықтан шала туылғандардың тіршілік ету қабілетін сақтау үшін олардың туылуы және одан кейінгі бейімделу кезеңдерінде арнайы жағдай жасалуы тиіс.


​Бұл мақсаттағы көмек саты бойынша көрсетіледі:
​-босану үйіндегі интенсивтік күтім-күтудің 1-ші сатысы;
​-арнайы бөлімдердегі күтім-күтудің 2-ші сатысы;
​-балалар емханасы жағдайындағы диспансерлік бақылау күтудің 3-ші сатысы.

6. Күтім ерекшеліктері


Шала туылған балаларды олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес күтеді. Терморегуляцияның жетілмеуі, тағамды көтеру қабілетінің төмендеуі, асфиксия-тұншығу жағдайына бейімділігі, инфекцияға қарсы тұру қасиетінің жеткіліксіздігі, мүшелер мен жүйелердің жетілмеуі ескеріледі.


​Шала туылғандарды күтуде қолайлы микроклиматтық жағдайды қалыптастыру қажет. Босану бөлмесінде шала туылған нәрестенің сәл салқындап қалуы, онан әрі жасалатын күтім шараларының барлығын сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін.
​Палатадағы температура 24-26°С, ылғалдылығы - 60% құрайды. Терең шала туылған балалар немесе ауыр жағдайдағы шала туылғандар өмірінің алғашқы күндерінде кувез жағдайында күтіледі. Ондағы температура 36° С-ден 32° С-ге дейінгі аралықта болады, ауа ылғалдылығы алғашқы күндері 90%-ға дейін, кейін 60%-55%, ылғалданған оттегінің концентрациясы - 30% құрайды. Нәрестенің дене температурасын 36,5-37° С аралықта ұстауға және нәресте қызуы мен салқындауын болдырмауға мүмкіндік беретін температура сәби үшін ең қолайлы температуралық режим болып табылады. Оксигенация деңгейі әр балаға жеке таңдалады: ең төменгі оттегінің көп концентрациясын орынды қамтамасыз ету қажет, бұл жағдайда гипоксемия белгілері (тері жабындысы мен шырышты қабатының көгеруі, қимыл белсенділігінің төмендеуі, ұзақ тыныс алмаумен сирек тыныс алу (апноэ) брадикардия) жойылады. Кувездің концентрациясын 38%-дан аса көтеруге болмайды, өйткені өкпенің, көздің тор қабығының және орталық жүйке жүйесінің зақымдануы мүмкін.

7. Үй жағдайында күту.


Шала туылған балаларды күту барысында бөлмені жиі желдету керек, бөлме температурасын 20-22° С жағдайында ұстау қажет, сәбидің жетілу деңгейіне байланысты шомылдыру кезіндегі температура 22-26° С құрайды. Нәрестені күнде шомылдырады, судың температурасы-38-39°С. Жылдың жылы уақыттарында сәбиді босану үйінен немесе ауруханадан шығарғаннан кейін-ақ серуендеуді бастайды, ал салқын уақыттарда-1-2 айлық шамасынан бастап, салмағы 2500-3000 г-нан кем емес және ауаның температурасы 1-3º С-ден төмен болмауы керек. Көптеген шала туылған балалар 1 айдың аяғына дейін арнайы жылытуды қажет етпейді, сәбиге ұйқы және сергіту күн тәртібі тағайындалады. Шынықтыру жаттығу әдістері: ауа булауы, шомылдырғаннан кейінгі контрастық су құю және т.б. сәби өмірінің 2-ші жарты жылдығында жүргізіледі. Физиологиялық бұлшық ет гипертонусының жоғалуына дейін физикалық жаттығулардың ішінен сылап сипау және рефлекторлық жаттығулар рұқсат етіледі.


​Шала туылған балалардың дұрыс дамуына қолайлы үй жағдайы, нәрестемен жеке жұмыс істеу, әртүрлі ойындар, ұтымды тамақтану, санитарлық-гигиеналық режимді сақтау оң әсер етеді.

8. Шала туылған нәрестелердің даму ерекшеліктері


Мезгілінде туылған балалармен салыстырғанда шала туылғандардың физикалық дамуы нәресте өмірінің алғашқы 1 жыл көлемінде дене салмағы мен бой ұзындығының жоғарғы қарқынмен өсуімен сипатталады. Бір ерекшелігі тек қана алғашқы 1 айлығынан бастапқы дене салмағын жоғалтуына байланысты дене салмағын қосу қарқыны төмен болады. Сәби өмірінің 1-ші жылында бой ұзындығы 27-38 см-ге өседі. Даму қарқынының жоғары болуына қарамастан өмірінің алғашқы 2-3 жылдығында шала туылған балалардың дене салмағы мен бой ұзындығының көрсеткіштері жағынан мезгілінде туылған құрдастарынан біраз қалып қояды.


​Алғашқы 1,5 жыл ішінде шала туылғандардың психомоторлық дамуы кешігеді, жүйке-психикалық дамудың негізгі сатыларының қалыптасу уақыты сәл кештеу байқалады. Бұл қалыс қалушылық сәбидің гестациялық жасына байланысты болады. Шала туылғандардың көбінің ақыл-ой дамуы қалыпты болады, бірақ психикасының тұрақсыздығымен және сәби тынышсыздығымен сипатталады, ұйқысы және тамақ алысы бұзылады, қатты тығыздықтағы тағамдарды жұтуы қиындайды, негетивизм реакциясы (мойындамау, негізсіз, дәлелсіз теріске шығару) байқалады.

9. Шала туылған балалармен жұмыс істеу барысындағы медико-психологиялық мәселелер


Баланың шала туылуына байланысты мезгілінен ерте босану ата-анасы үшін сезім дағдарысы мен түңілуді бастан өткізуге мәжбүр етеді. Туылған баланың мезгілінде күтілген баладан сыртқы ерекшелігі, дені сау баланы көтеріп, оны туу қабілетінің болмауы деген ана ойы, кейбір жағдайларда ананы депрессия-жабығу жағдайына ұшыратуы мүмкін. Ата-аналары өте үлкен уайымға түседі, тіпті қорқыныш, үмітсіздену сияқты кінәлі іспеттес сезіну жағдайлары туындайды. Ең алдымен ата-анасы шала туылған балада байқалатын кейбір зақымданулардың болуынан, тіпті өлім қаупі не болмаса болашақта мүгедек болып қалу мүмкіндіктерінен үрейленеді.Сонымен қатар шала туылған баланың ата-анасы нәрестелерінің мезгілінде туылған сәбилерден ерекшеленетіндіктеріне тынышсызданады, тіпті өз баласына қарсы тітіркенулердің пайда болу мүмкіндігінен қорқады. Шала туылған балалардың көбі ата-аналары жағынан қаталдықты, мейірімсіздікті сезетіні белгілі. Бұл жағдай ана мен бала арасындағы жақындықтың біршама уақытқа үзілуі (күтудің әртүрлі сатысында болуы) және ата-аналарына көрсетілетін психологиялық көмектің жоқтығына байланысты болуы мүмкін. Сондықтан аналармен жүргізілетін психологиялық жұмыста ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және ана мен бала арасындағы өзара жақындықты қалыптастыруға көмек көрсету қажет.


​Ата-аналардың алдында тұрған жеңуге тиісті ең бірінші кедергі-ол интенсивтік күтімді талап ететін дүниеге келген нәрестенің шын мәнінде шала туылғандығы жөніндегі мәліметтің рас екендігімен келісу болып табылады. Екінші мақсаты ана мен бала арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады. Үшінші мақсаты-өз баласының шалалығын уақытша жағдай ретінде танып, солай қарауға бейімделу қажет.

10. Кювез күтімі.




Кювез — шала және әлсіз туылған нәрестелерге нақтылы ем қолдануға арналған медициналық құрылғы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет