Титриметриялық анализдің негіздері


Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі



бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі24,96 Kb.
#107315
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Титриметриялы? анализді? негіздері

Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі

Қышқылдық негіздік титрлеу әдісі нейтралдау реакциясына негізделген:

H+ + OH- ↔ H2O немесе 2H2O↔H3O+ + OH-

Әдістің екі варианты бар:

Егер титрант қышқыл болса, әдіс ацидиметриялық титрлеу деп аталады. Қышқылмен күшті және әлсіз негіздерді, күшті негіздердің гидролизденетін тұздарын титрлеуге болады.Егер титрант сілті болса, әдіс алкалиметриялық титрлеу деп аталады. Сілтімен күшті және әлсіз қышқылдарды, күшті қышқылдардың гидролизденетін тұздарын титрлейді.Титрлеу барысында ерітінді рН-ы өзгереді. Эквиваленттік нүктені анықтау үшін рН өзгерісін көрсететін индикаторлар қажет.Ерітіндінің ортасына (немесе рН –қа байланысты) өз түсін өзгерте алатын индикаторлар қышқылдық – негіздік индикаторлар немесе рН- индикаторлар деп аталады. Мұндай индикаторларға келесі талаптар қойылады:

· Түс өзгерісі айқын болуы керек;

· Түс өзгерісі жіңішке рН интервалында байқалуы керек;

· Түс өзгерісі қайтымды болуы керек;

· Түсі бір артық тамшы титрант қосқанда өзгеруі керек.

Бұл талаптарға сай индикаторлар көп емес. Индикаторды дұрыс таңдау үшін индикаторлар теориясын жақсы білу керек.

Индикаторлардың 3 теориясы бар:

· иондық теория

· хромофорлық теория

· иондық-хромофорлық теория

Индикаторлар белгілі рН шамаларының арасында түсін өзгертеді. Оны индикатордың түс өзгерту интервалы деп атайды. Титрлеудің соңғы нүктесінде индикаторлардың түсі белгілі бір рН шамасына сәйкес келеді, сол шаманы индикатордың титрлеу көрсеткіші рТ деп атайды. Ол шамамен түс өзгерту интервалының ортасында болады. Индикатордың түс өзгерту интервалына температура, иондық күш, еріткіштің табиғаты т.б. әсер етеді. Кейде түс өзгерісін айқындау үшін аралас индикаторлар немесе индикатордың бояғышпен қоспасын пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет