Стандартты және стандартталған ерітінділер
Титрленген ерітінділердің 2 түрі болады: стандартты (дайындалған) және стандартталған (анықталған).
Стандартты ерітінділерді дайындау үшін заттың дәл өлшемесін көлемі белгілі өлшегіш колбада ерітіп, сосын титрін есептейді. Мұндай ерітінділерді тек стандартты заттардан дайындайды. Стандартты заттар шектеулі, оларға келесі талаптар қойылады:
· өте таза болуы керек;
· құрамы химиялық формуласына дәл сәйкес болуы керек;
· ауада сақтағанда құрамы өзгермеуі керек.
Стандартты заттарға мына заттар жатады: Na2B4O7•10H2O‚ K2Cr2O7‚ H2C2O4•2H2O, NaCl.
Кейде стандартты ерітіндіні фиксаналдан жасайды. Фиксанал (немесе стандарт-титр) деп ішінде құрғақ зат немесе ерітіндінің дәл мөлшері бар заводта дайындалып, аузы бекітілген шыны ампула. Фиксаналдың ішінде стандартты емес те зат болуы мүмкін.
Стандартталған ерітіндіні концентрациясын жуықтап дайындайды, сонан соң оны стандартты ерітіндімен титрлеп, концентрациясын дәл есептейді. Мұндай анықтауды стандарттау деп атайды.
Қазіргі кезде стандартты және стандартталған ерітінділерді сәйкесінше біріншілік және екіншілік стандарт деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |