Титулдық парағы



бет2/59
Дата16.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#101812
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
әдістемелік нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылды 20__ж. «___»______ №__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ М. С. Омаров 20__ж. «____» ________

АТФ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы _______________ К. К. Сейтханова 20__ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы _____________ А. А. Варакута 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


Кіріспе
«Қоғамдық тамақтандыру мен арнайы тағайындалған өнімдердің технологиясы» саласы бойынша зертханалық жұмыс жүргізудің мақсаты – студенттердің тағамдық өнімдерге жоғары мектеп талаптарына сәйкес физика – химиялық зерттеу жүргізу әдістерін үйрену: теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту; зертханалық бақылау жүргізу бойынша тәжірибелік дағды қалыптастыру; лабораториялық зерттеу кезінде жұмыс орындарын санитарлық – гигиениялық талаптарға сай ұйымдастырумен танысу.

Физика – химиялық негізгі процесстерді уақытында және жан – жақты үйрену, аспаздық өңдеу кезінде болашақ технологтар мен рестораторларға қоғамдық тамақтану саласында ұтымды тәртіп пен шикізатты өңдеу әдістерін таңдауға, жоғары сапалы аспаздық өнімді шикізаттың, материалдың және еңбек ресурсының ең аз шығынымен алуға мүмкіндік береді.

Бірінші сабақта оқытушы кіріспе нұсқама жүргізеді, жабдықта жұмыс істеу кезінде, аспаппен жұмыс істеу кезінде, зертханадағы химиялық реактивтермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау туралы ескерту жасайды, ол техникалық қауіпсіздік бойынша журналға жазылады.

Зертханада топқа бөлініп жеке жұмыс орны бекітілген 10 – 12 адам бір мезгілде жұмыс істейді. Киімді бүлдіруден сақтау үшін зертханадағы жұмыс арнайы киімде (мақта – матадан тігілген халатта) жүргізіледі.

Зертханалық – тәжірибелік жұмыс жүргізер алдында оқытушы оқушыларға тапсырма береді. Тапсырмаға сәйкес студенттер негізгі теориялық мәліметтерді алдын – ала оқиды.

Жұмыстың орындалу кезеңдерінің реттілігі көрсетілген нұсқаулықты қолдана отырып студенттер тапсырманы орындауға кіріседі. Жұмыс барысында оқытушы зертханалық талдау жүргізудің кейбір тәсілдерін көрсетеді, оқушылардың назарын физикалық – химиялық зерттеудің жеке кезеңдерін дұрыс жүргізуге, жұмыс орнын ұйымдастыру мен санитарлық жағдайына аударады. Талдау нәтижесі дәптерге енгізіледі.

Әр топ мүшесі тапсырма бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілген есеп дайындайды.

Оқытушы студенттердің жұмыс барысында жіберген әдеттегі қателіктері мен дұрыс жақтарын атап өтіп қорытынды жасайды.

Жұмыс аяқталған соң студенттер жұмыс орындарын жинап, ыдыстарды жуады. Студенттер ішіндегі кезекші жұмыс орнының санитарлық жағдайы мен ыдыстардың жуылу сапасын тексереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет