Зерттеу пәні. Пән аты
Зерттеудің әдістерін: статистикалық, логикалық-заңдылық, салыстырмалы-құқықтық және басқа арнайы құқықтық әдістері құрайды.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қажетті қорғану түсінігі және даму эволюциясы
Адамға да басқа тірі денелер секілді тірі қалу, өзін-өзі сақтау сезімі берілген. Мұндай сезім адамға тумысынан беріледі және ол өмірінің соңына дейін сақталады. Әрбір адам өзін-өзі сақтауды бір жағынан сақтану түйсігі арқылы білсе, екінші жағынан заң негізінде жүзеге асырады. Өзін-өзі қорғауда адам қауіптіліктен құтылғысы келеді және оны жою үшін әр түрлі іс-шара қолданады. Ю.Н. Юшковтың пайымдауы бойынша: «Қажетті қорғану адамзаттың жүріс-тұрыс ережесі сияқты тірі денелердің өздерін қауіптен қорғау түйсігіне негізделеді. Адам қауіп-қатерге жауап ретінде оған қарсы тұруға талпынады немесе оны бейтарап қалдырады» [4, 61 б.].
Өзін-өзі қорғаудың заңи ұғымы тарихи біруақытта өмірге, денсаулыққа, меншікке қарсы қылмыстар түсінігімен пайда болады.
Қоғамның, сонымен қатар қылмыстық құқықтың дамуымен қажетті қорғану институты әр түрлі мазмұнға ие болды. Құқық классиктері – рим заңгерлері қажетті қорғану құқығын жаратылысынан деп танып, оны «jus gentium» (халықтар құқығы) деп қарастырды. Осы сұрақ бойынша қажетті қорғану жөніндегі Цицеронның жазылмаған, бірақ айтылған заңын – «est haec non scripta sed nata lex» (заңның күші: оның жазылғандығында емес, табиғи сипатына байланысты болады) келтіруге болады [4, 62-б.].
Қажетті қорғану құқығының қоғамдағы, мемлекеттегі дамуының және қалыптасуының тарихи жолын қарастыра келе, аталған құқыққа діннің әсерін және оның қатыстылығын айта кеткен жөн. Кеңес дәуірінде қылмыстық құқық теориясында ғалымдардың бұл туралы нақты ешқандай бір көзқарас ұстануға мүмкіндігі болмады. Қажетті қорғану құқығына діни ұстанымдар саяси құбылыстарға қарамастан жүз жылдар бойы еш өзгерген жоқ. Осы жөнінде А.Ф Конидің өткен ғасырда жарияланған, қазіргі уақыттың өзінде объективті көрінісін табатын айтқан пікірінде: «Шіркеу қажетті қорғану кезінде кісі өлтірген адамға қылмыскер ретінде қарау былай тұрсын, тіпті оны күнәһар ретінде де қарамады, шіркеу қажетті қорғануды азғындық қылық деп есептемеді. Егер де өзінің ағасының қанын төккен жандар болса, онда канондық құқық негізінде ол дұға қылып, сиынып тазаруы керек. Ал шіркеу болса, оған ешқандай жаза қолданбады»,-деп көрсетеді [5, 58 б.].
Қажетті қорғану институты өз тамырын көне заман заңнамаларынан да орын алған. Дәлел ретінде ең көне заңнаманың бірі Ману заңдарында ( б.з.д. 1200 ─ 200 ж.) да қажетті қорғану туралы айтылып кеткен. Ол ережеге сәйкес адам өзін өзі қорғау барысында шабул жасаған адамға қаза келтірген күнде, сол адамның әрекетінде ешқандай қылмыстық әрекет болмакйтыны және ол үшін қылмыстық жауаптылық туындамайтынын айтқан. Оған қоса қажетті қорғану институты тек өзін өзі қорғау құқығы ғана емес, ол жүктелген міндет те болған. Себебі егер адам әйел адамға немесе браминге қол сұғушылық әрекетін байқап, оларды қорғауға ешбір әрекет жасамаса, онда бұл адам жуапкершілікке тартылатын болған. Өйткені әйел адам мен браминдер, брахмандар немесе жоғарғы каста өклдері ең қасиетті адамдар қатарына жатқызылған. Бірақ көне Ману заңдары қажетті қорғану институтын тек қол сұғушылық адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіген кезде ғана қолдануға жол берген, ал меншік пен мүлік қорғау обьектісіне жатқызылмаған және ол туралы ештеңе айтылмаған. Себебі буддизм ілімінде және сол замандағы касталық бөлінулерде әр каста өкілі өз кастасына сәйкес өмір сүруі керек.
Ал көне мысыр заңнамасына сәйкес қажетті қорғану институты тек құқық ғана емес оған қоса үшінші тұлғалардың міндеті де болып табылатын. Яғни бұл заңдарға сәйкес егер адам басқа адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұғанын көріп, оған көмектеспесе немесе көмекке шақырмаса, бірақ шақыруға мімкүндігі болса да, ол адам өлім жазасына кесілетін немесе үш күндік аштық пен басқа да жазаларға тартылатын.
Сол замандарда меншікті қорғауды еврейлік заңнама қарастырған болатын. Моисейдің заңдарында: «Егер біреу ұрлық жасап жатқан ұрыны көріп, оны ұрып өлтірсе, ұрыны өлтігені үшін жауапқа тартылмайды. Ал егер сол ұрыны таң атқаннан кейін өлтірсе, ол адам жауапқа тартылады.» ─ деп айтылған. Бұл жерде түсіндіре кетсек ұрыны түнде өлтіруге болады, себебі түнде көмекке көршілердің немесе басқалардың келуі екі талай, соған байланысты өлтірген кезде де қылмыстық жауаптылық туындамайды. Ал егер күн шыққаннан кейін өлтірсе, бұл жерде қасақаналықтың белгілері бар деп ұғатын. Өйткені күн шыққанннан кейін көршілерін немесе басқаларды көмекке шақыруға болады деп түсінген. Жалпы библиялық заңнамаларда таң атқаннан кейінг жасалған қылмыстарға аса көп көңіл бөлген.
Қажетті қорғану институтына обьект ретінде меншікті қорғауды Римнің ХІІ кесте заңдарыда қолданған. Бұл заңмада да түнде түскен ұры өлтіруге рұқсат берген. Оған қоса күндіз де ұрлыққа түскен ұрыны өлтіруге рұсат беретін, егер бұл ұрыны ұстау барысында бұл ұры қару қолданған болса. Осындай құқықтарды бере отырып Ежелгі Рим заңнамасы меншік құқығы мен құл иеленушілік құқығын қорғау барысында кейде тіпті қылмыстық әрекеттердің өзіне рұқсат берген болатын. Соның нәтижесінде Рим заңдары сол заманда бірге өмір сүрген құл иеленуші мемлекеттердің заңдарынан өте қатты ерекшеленіп тұратын.
Осыған орай қажетті қорғану адамның табиғи құқық болып есептелетін Ежелгі Римде осындай қанатты сөз туған: «Сот көмегін сұрап жүгіріп жүргенше, өз күшіңмен болатын қауіптің алдын алған дұрыс». Бұл сөздің өзі Ежелгі Римдегі қолында билігі бар тап өкілдерінің мүддесіне байланысты туындаған.
Сол кезде қажетті қорғануға әділ түсінік беріп, ол ойды дамытқан Ежелгі Римнің танымал шешені, ұлы ойшылы Марк Туллий Цицерон, Милонның ісін қарастыру барысында қорғаушы ретінде айтқан сөзінде:
«Кейде өмірде бір адам басқа адамның өмірін қиюға құқылы болады, және осындай оқиғалар өмірде аз емес. Егер бұл әділетті болса, егер бұл белгілі бір қажеттіліктен туындайтын болса, онда бұл күшке күшпен жауап беру болып табылады. Қалайша қылмыскерге немесе баскесер жауызға өлім әкелетін әрекет әділетсіздік болады?» ─ деп айтқан[6, 102 б.].
Осы айтылған ұлағатты сөзді кейіннен басқа да Рим заңгерлері қағида ретінде пайдаланып, әрекетті қажетті қорғану барысында жасалды деп тану үшін негізгі екі талап болу керектігін көрсетті: шабуылдың әділетсіздігі мен төніп тұрған қауіптің болмай қоймайтыны.
Ресейлік қылмыстық құқықты зерттейтін әдебиеттерді қарастыру барысында да қажетті қорғану институтының тарихы орыс жерінде де ежелден бары көрінеді. Жалпы айтқанда А.Ф. Конидің ойларында айтылғандай: «біздің заңнаманың ежелгі, жаңа кезеңдерінің қайсысында да қажетті қорғану институтының бар екендігі қашанда көрінетін және оның да біздің заңнамамен бірге дамып, өзгеріп отырғандығы байқалады.». Профессор Неклюдов, Долопчев, Таганцевтің айтып кеткеніне сәйкес, кек алуды реттеуді немесе шектеуді жүргізудің бірінші сатыларында-ақ қорғануға байланысты белгілі бір қаулылардың бары байқалатын. «Қажетті қорғану құқығы ертеден Олегтің гректермен жасаған шартында көрсетіліп, Орыс Правдасында да қажетті қорғану құқығы тек тұлғаға ғана байланысты емес, сонымен қоса жеке меншік мүлікке де байланысты екендігі бекітілген»[7, 83 б.].
Осыған байланысты ешбір күдіктенусіз қажетті қорғану институты ежелден-ақ өзіне заңгерлер мен ойшыл философтардың назарын ерекшк қызығушылықпен өзіне аудартқан.
Қажетті қорғану институты әрдайым өзгеріп, дамып отырған. Оның дамуы мен өзгеруіне бірқатар себептер мен қоғамның даму деңгейі мен үстем тап өкілдерінің мүддесі ықпал ететін.
Табиғи құқық теориясы бойынша да қажетті қорғану құқығы адамға тумысынан туа біткен құқық болып табылады. Бұл көз-қарас ежелгі Рим заңгерлерінен мұра болып қалған. Яғни бұл құқықтан ешкімде айыра алмайды және бұл құқық ешбір заңмен шектелуі мімкүн емес.
Кейінгі заман ХҮІІІ ғасырларда еуропаның өзінде қажетті өорғану институтын зерттеу барысында жаңа ойлар мен түсіндірмелер арасында қайшылықтар пайда болды. Мысал ретінде, Т.Гоббстың ойынша халық мемлекет басшысының жасаған әрекеттеріне қарсы қорғана алмайды. Бірақ сол ғасырдағы Франциядағы көтерілістердің нәтижесінде, көтріліс халықтың биліктің басындағылардың заңға қарсы әрекеттерінен қорғану ретінде түсінік қалыптасып қалған болатын. Ал А.Н.Радищевтің пікірінше: «қажетті қорғануды қолдану тек өмір мен денсаулыққа қауіп төнген кезде ғана емес, заң мен құқыққорғау органдары әлсіздік танытып немесе олар мүлдем жоқ жерлерде қажетті қорғану жәбірленушілердің өздері қылмыскерді ұстап, оны жазалауы ретінде де көрініс табады»─ деп айтылған. Кейіннен ұқсас пікірлерді Герцензон айтқан болатын.
ХҮІІІ─ХІХ ғасырларда Германияда да билік өкілдерінің жасаған әрекетінен қорғану неміс философтарымен жоққа шығарылатын. Дәлел ретінде Канттың ойынша билік өкілдеріне қарсы қол астындағылардың бағыныштылардың кез-келген қарсылық білдіріп, күш қолданулары ең ауыр қылмыс болып табылады. Сол кезде жалпы немістің заңнама жүйесі қажетті қорғануды тек мемлекет мүддесіне байланысты қолданып, оны адамның субъективті құқығы ретінде көбіне мойындамай, мойындаған күннің өзінде өте қатты шектеулерге алған болатын.
Енді Қазақстан территориясындағы қажетті қорғану туралы қылмыстық-құқықтық норманың тарихи даму жолын талдайық.
Қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін барлық діни, неке, және отбасы, азаматтық, қылмыстық қатынастар осы мұсылман дінімен шешіліп отырды. Әрине ол қасиетті кітап – Құранмен және соның негізінде жасалған шариатпен реттелді. Алайда қажетті қорғану шариатпен де, қазақтың әдеттегі құқығымен де жеке институт ретінде белгілі болмады. Ол тек жәбірленушінің құқығы немесе тиісті тұлғаның кек қайтару құқығы ретінде танылды. Бұл туралы Құранда ( 2-сүре,177-аят ) былай айтылған: «Әй мүміндер! Сендерге қысас есе қайтару парыз етілді. Азатқа азат, құлға құл, әйелге әйел өлтіріледі. Дегенмен оған туыс жағынан кешірілсе, оның ережеге үйлесуі екінші жақтың да оған дұрыс төлеуі қажет. Міне осы, Раббылыры жағынан жеңілдік және мәрхамет» [8, 125 б.].
XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ құқығының жазбаша ескерткіші – «Ереже» болды. Ереженің 20-бабында былай баяндалған болатын: «Егер халыққа танымал ұры қуғынға ұшыраған кезде немесе ұрлық кезінде немесе ұрланған табын малмен келе жатқан қайтар жолында өлтірілсе, оны өлтіргені үшін табын иесінен немесе басқадан құн төленбейді». Осыған орай Т.М Күлтелеевтың пікірі бойынша, қазақ құқығы нормаларына сәйкес, жәбірленушілердің іс-әрекеті қажетті қорғану шегінен шыққан, яғни тергеусіз сот орын алған, яки олар шабуыл аяқталғаннан кейін де залал келтіріп отырған.
Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 1961 жылғы редакциясында 13-бап қажетті қорғануға құқықты бекіткенмен, қорғанушылық әрекетті нақтыламады.
«13-бап. Қажетті қорғану.
Әрбір адамның өзін-өзі қорғауға, тұрғын үйін және меншігін қорғауға құқығы бар. Осы құқық оған шабуылдан қашып құтылуға, өзге тұлғалардан немесе билік органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі бола тұра тәуелсіз тиесілі.
Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін және мемлекеттің немесе қоғамның мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан зиян келтіру жолымен қорғау кезінде жасалса, ол қылмыс болып табылмайды.
Қажетті қорғану шегінен шығу деп қорғанудың қолсұғушылықтың қауіптілік сипаты мен дәрежесіне анық сәйкес келмеуі нәтижесінде қол сұғушылықты болдырмау немесе бұлтартпау қажеттілігінен туындамаған қол сұғушыға келтірілген зиян танылады» [9, 84 б.].
Аталған редакция 1988 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етті. 1993 жылы енгізілген өзгертулер бойынша қоғамдық және мемлекеттік мүдделер деңгейі төмендетіліп, бірінші орынға жеке тұлғаның мүдделері шығарылды. Сондықтан да заңшығарушының аталған бапқа 1993 жылы елеулі өзгерістер енгізуі кездейсоқ емес.
1995 жылға дейін Қазақ КСР ҚК 96-бабы «Қажетті қорғану шегінен шығып дене жарақатын келтіру» екі бөлімнен тұрды. Оның екінші бөлігі қажетті қорғану шегінен шығып орта дәрежелі дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырды. Алайда 1995 жылы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығымен Қазақ КСР Қылмыстық кодексінен 96-баптың екінші бөлігі алынып тасталды.
ҚР жаңа Қылмыстық кодексі қабылданғанына дейін де осы заңның бірнеше жобалары жасалған болатын, соның бірі ретінде кодекстің жалпы бөліміне «Қылмыстық жауаптылықты жоятын мән-жайлар» деген жеке тарау енгізілген болатын. Қажетті қорғану құқығының даму тарихын қарастыруды аяқтай келе, А.Ф Конидің пікірін келтірейік: «Қажетті қорғану мәңгі өмір сүреді, себебі ол қажеттілік заңына негізделген, ал осы заң мәнісі бойынша мәңгілік. Сондықтан да қажетті қорғану түсінігі ежелден келе жатыр және ол ешқашан өмір сүруін тоқтатпайды» [10, 105 б.].
1.2 Қылмыстық құқық бойынша қажетті қорғанудың түсінігі
Қажетті қорғану институты негізінде, бір жағынан азаматтарға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан өз құқығын қорғауды жүзеге асыратын, екінші жағынан қол сұғушыға артық зиян келтірмеу үшін қорғану шегін білдіретін мән-жайлардың жиынтығын түсінуге болады.
Қазіргі уақытта «қажетті қорғану» түсінігі біраз жаңарып, Қазақстан Республикасы заңнамаларында қолданыла бастады. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Конституциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында, Президент жарлықтарында заңдық күші бар көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1-бөлігінде бекітілген: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы»[1, 4б.].
Конституциялық нормада қажетті қорғану құқығын жүзеге асыруды атап кеткен болса, ал оған нақты анықтама беріп, талдауды қамтамасыз етуде маңызды рөл қылмыстық заңға тиесілі. Сонымен қатар, аталған құқық тек қылмыстық нормамен ғана емес басқа да заңнамалармен қарастырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде (бұдан әрі - ҚР ҚК) және 1993 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасы «Жекелеген қару түрлерінің айналысын мемлекеттік бақылау туралы» Заңында көрініс табады. Аталған заңның 6-бабының «Қаруды қолдану» 2-бөлігінде «Азамат қажетті қорғану шегінде өмірін, денсаулығын, меншігін қорғау мақсатында қару қолдана алады» деп көрсетілген. Сонымен қатар осы бапта қызмет бабы бойынша, сондай-ақ қажетті қорғану жағдайында қызметтік қаруды қолдануға құқығы бар министрліктердің және ұйымдардың (Қорғаныс министрлігі, Республикалық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және басқалары) қызметкерлерінің тізімі келтірілген.
Сонымен, осы тізбекті аяқтайтын Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (5 тарау, 39-бап).
Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, меншігін және т.б. игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәні зор. Өйткені қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Әлеуметтік қатынаста қажетті қорғану – қоғамға пайдалы іс-әрекет, яғни қылмыстылықпен күресудің бірден-бір тәсілі болып табылады. Себебі бұл құқық адамға тумысынан берілетін өмір сүру құқығынан туындайды. Ешкім де өзінің өміріне, денсаулығына, мүлкіне заңсыз қол сұғушылыққа жол бермеуге міндетті.
Жоғарыда айтылған ойға сәйкес қажетті қорғануды әлеуметтік сипаты жағынан көбірек зерттеген Н.В.Рейнгардта: «Кез-келген қауіпті жойған немесе қылмыстық ойдың алдын алған кез-келген әрекет қоғамда өте маңызды болып табылады, яғни ол әрекет әділетсіз шабуылды тойтарып, әділеттілікті орнатады. Нәтижесінде бұл әрекеттің маңызы қоғамда қарсы әрекетке қолданылатын жаза ретінде де немесе болашақта сабақ болатындай үлгі ретінде орын алады. Өйткені жетілген жақсы қылмыстық заңнама өз мүддесімен қатар қоғам мүддесін қорғауға батылдығы жеткен адамдарға марапат көрсетуі тиіс» ─ деп жазған[12, 58 б.].
Ю.Ляпунов пен А.Истоминнің пайымдауынша: «Тұлғаның құқықтық статусы тұрғысынан қажетті қорғану – бұл адамның ажырамас субъективтік құқығы. Әркім өз құқығын қорғауды жүзеге асыра алады және одан бас тарта алады» [13, 201 б.].
Ал құқықтық мағынада қажетті қорғану – заңға сыйымды әрекет, яғни қылмыстық заңмен рұқсат берілетін, қолдау көрсетілетін және Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілетін іс-әрекет. Х.Д Аликберов қажетті қорғану институтын ымыраға келтіруші қылмыстық нормаға жатқызады, соның ішінде, заң шығарушы «қылмыстық жауаптылықтан босату түрінде кепілдік бере отырып қылмыс жасаған адаммен, оның жасаған жағымды әрекетіне орай ымыраға келуге рұқсат береді».
Орыс ғалымы А.Ф Кони өзінің атақты «Қажетті қорғану құқығы туралы» жұмысында осы құқықтың қалыптасуының бірнеше теорияларын бөліп шығарды:
біріншісі, өзін-өзі қорғау әділетсіз шабуылдан және өзін-өзі сақтау құқығынан туындайды;
екіншісі, қоғамдық келісім теориясы, яғни азаматтар өз құқығымен бостандығын оларды қорғауға міндетті мемлекет қолына тапсырады. Бірақ билік органдары қорғай алмаса, олар өз күшімен қорғана алады;
үшіншісі, құқық әр уақытта санамен ақталады. Бұдан туындайтын: а) қажетті қорғану еш қылмыс емес; ә) ол әділетті; б) саналы.
Қылмыстық құқықта қажетті қорғану – бұл қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан сақтану. Сақтану сөзінің астында жай өзін-өзі сақтау емес, құқықтық сақтану жатыр. Заң қорғанушыға жай шабуыл емес, белсенді шабуыл әрекеттерін жасауға рұқсат береді. Тек белсенді әрекет қана шабуылды тойтаруды қамтамасыз ете алады, сонда ғана қол сұғушы қоғамдық қауіпті әрекетті жалғастыру мүмкіндігінен айырылады.
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32-бабында қорғанушылықты немесе басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттер деп көрсетілген. Бұл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл – бұл ашықтан-ашық кенеттен пайда болған зорлық әрекет. Өмірге қауіпті зорлық өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Зорлық көрсетемін деп қорқыту өмірді жоюға, немесе денсаулыққа зақым келтіруге нақты бағытталуы мүмкін. Қажетті қорғану қауіпті тудыру ошағына арналғандықтан, оны кім немесе не төндіргеніне қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде заң қорғайтын мүддеге қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дұрыс еместерге, қорғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп айтады. Қауіпті төндірушіге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердің бәрі жатады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» №7 қаулысының түсіндірмелеріне сәйкес: «Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамдық қауіпті шабуылға қарсы залал жасау жолымен белсенді шараларды қолдануға хақысы бар. Мұндай кезде олар қоғамдық қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірген залалы үшін жауап бермейді».
Жоғарғы Соттың кезекті жалпы отырысында қажетті қорғаныс жөніндегі заңдарды қолдану, сондай-ақ зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де күш қолдану әрекетіне байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселері туралы құқыққолдану практикасы талқыланады. Сонымен қатар, адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы және «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 2003 жылы 11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі де қаралады. Талқыланған нормативтік қаулылар аталған заңдарды сотта біркелкі қолдануға үндейді.
Талқылауға ұсынылған нормативтік қаулылардың жобасында қоғамдағы қауіптен адам өміріне, денсаулығына қауіп төнгенде, мүлкіне, тұрғын жайына, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын мүддесіне қол сұғылғанда, одан қорғану қажеттілігі әр кімнің бөлінбейтін конституциялық құқығы екені белгіленген. Соттар өндірістегі іс бойынша адам өлтірудің себебінен денсаулыққа залал келтірудегі ҚК-тің 32 бабындағы ережені есепке ала отырып, қылмыстық әрекетті дұрыс дәрежелеу үшін маңызы бар қажетті қорғаныс туралы, оның шегі және мақсатын нақты түсіндіру, себебін, кінәлік нысаны, қылмысты жасаудағы тәсілі және басқа да мән-жайларды келтірген.
Қастандылық жасаған әр кім де жауапқа тартылады, сондай-ақ осы қастандықты жасаған адамның да мүддесі, қажетті қорғанудағы әр қайсысының құқығын заңмен қаматамасыз ету қатар жүреді. Осыған байланысты, нормативтік қаулының жобасында шабуылдан қорғануға тән мәселені қарағанда, қажетті қандай сәттерді есепке алу керектігі түсіндіріледі. Мұнда, қылмыстық заңдағы шабуыл жасаудың адам өміріне бағытталғаны айқындалып, қарулы шабуылдың тең көрініс табуы, қажетті қорғанысты шектен асыру деп танылмайды. Осындай жағдайда шабуыл жасаушыға келтірілген барлық залалға қылмыстық жаупкершілік қарастырылмайтына баса назар аударылады. Қастандылықтың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі және одан қорғану сипатының сәйкестігі, қорғанушыны өзінің және шабуыл жасаушының күші арасындағы қатынасты шынайы тұрғыдан есепке алуы керек. Барлық мән-жайды есепке алғанда, қастандық жасаудың алдын алу қажет екеніне қарамастан, залал келтіруге неғұрлым жол берілмеуі тиіс[11, 18 б.].
Нормативті қаулы қажетті қорғаныс барысында, шектен шығып жасаған әрекетке қылмыстық жауапкершілік мәселісі бойынша сот шешім шығарғанда, ҚК-тің 66 бабының нормасын есепке алуы керек. Бұл норма тұлғаға қажетті қорғанысты шегінен асырғанда, қорқыныш тудырғанда, қорыққанда немесе оның өміріне қоғамға қауіпті қастандыққа байланысты қорғанудағы қылмысы үшін қылмыстық жаупкершіліктен бостату мүмкіндігін қарастырады. Нормативтік қаулы шабуыл жасаушыға келтірілген залалдың мән-жайына баға беру барысында қорғанушы тұлғаның психикалық-эмоциялық жағдайын есепке алады. Өйткені қастандылық жасауға байланысты әрдайым қауіптілік сипатын бағлағанда және қорғану құралын лайықты-лайықсыз таңдай алғанына әркез дұрыс баға берілуі мүмкін емес.
Қажетті қорғаныс шегінен шығып жасылынған қылмыс туралы істі қарау барысында, сот сотталушыны Қылмысты кодексте көрсетілген қылмыстық жауптылықтан, қолда бар мән-жайларды ескере отырып, босату жөніндегі мәселені әрбір нақты жағдайды талқылай отырып қарау ұсынылған.
Сонымен, қажетті қорғанудың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабында былай бекітілген:
«Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін немесе басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды [11, 23 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |