Титульный лист Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі


Сыртқы істер министрлігінің түсінігі, міндеттері мен функциялары



бет3/8
Дата02.07.2018
өлшемі0,71 Mb.
#46023
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2 Сыртқы істер министрлігінің түсінігі, міндеттері мен функциялары


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі - сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі" мемлекеттік мекемесі. [8]

Министрлік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Министрлік мемлекеттік мекемені ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.

Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

Министрлік өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрықтарымен ресімделетін, міндетті күші бар шешімдерді қабылдайды.

Министрліктің штат санының лимитін Министрлікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Министрліктің ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитеті бар. [9]

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық функцияларды, Қазақстан Республикасының оң имиджiн нығайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiрудi және шет елдерде оның жетiстiктерi туралы ақпарат таратуды жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитет өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады. Комитет төмендегі функцияларды жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң имиджiн қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды iске асыру;

Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң имиджiн қалыптастыру, арттыру және нығайту саласындағы басқа да мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiру және бағыт беру;

Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты таратудың негiзгi мақсаттарын шешуге деген салааралық көзқарасты жүзеге асыру;

Мемлекетiмiздiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Мемлекетiмiздiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату мәселелерi бойынша үкiметтiк емес ұйымдармен, беделдi және ықпалды бұқаралық ақпарат құралдарымен, әлемнiң талдамалық орталықтарымен, рейтингтiк агенттiктерiмен өзара iс-қимыл жасау;

Халықаралық аренада Қазақстан Республикасының оң имиджiн қалыптастыру, арттыру және нығайту;

Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату.

Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Ал енді министрліктің негізгі міндеттеріне көшейік. [8]

Министрліктің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;

2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іскен асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;

3) Шет елдерде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;

4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;

5) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық аренадағы қарым-қатынастарында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;

7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;

8) Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;

9) Әлемдегі және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды атқарады:

1) шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

2) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру;

3) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;

4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолдануын тоқтата тұру мен тоқтату туралы ұсыныстар әзірлеу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына белгіленген тәртіппен енгізу;

5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар мен ұсынымдар беру;

6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесі ретінде ғаламдық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу;

7) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

8) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін консулдық функцияларды жүзеге асыру;

9) шет елдерде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;

10) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, сондай-ақ консулдық мекемелерінің жұмыс істеуіне жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде оларға қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;

12) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

13) Өз құзыреті аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға шегінде қатысу;

14) Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүргізуге қатысу;

15) Өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

16) Инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін қалыптастыру;

17) Мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары тарапынан берілетін заемдар мен гранттар есебінен тартуға қатысу;

18) Қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық нарыққа шығуына жәрдемдесу;

19) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

20) Өзінің құзыретіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;

21) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

22) шет елдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;

23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;

24) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийі функцияларын жүзеге асыру;

25) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету;

26) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

27) мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;

28) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің сақталуын қамтамасыз ету;

29) Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін белгілеу;

30) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан қисындылығы туралы қорытындылар беру;

31) Қазақстан Республикасының қатысушы болуға ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және олардың күшіне енуі мен орындалуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қорытындылар беру;

32) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау;

33) халықаралық шарттарды жасасу мәселелері бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастарды жүзеге асыру;

34) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасасуға өкілеттіктерді растау;

35) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында, Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми басылымдарында жариялау үшін Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарын ұсыну;

36) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеу;

37) Ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізу, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жолдау не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру.

Сонымен, біз бұл тарауда Сыртқы істер министрлігіне анықтама бердік, атқаратын міндеттері мен функцияларына талдау жасадық, әрі қарай Сыртқы істер министрлігінің негізгі қызметі мен құқықтық реттелуіне тереңірек тоқталамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет