Титульный лист Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің атқаратын қызметі мен құқықтық реттелуі



бет4/8
Дата02.07.2018
өлшемі0,71 Mb.
#46023
1   2   3   4   5   6   7   8

2 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің атқаратын қызметі мен құқықтық реттелуі




1.2 Сыртқы істер министрлігінің қызметін ұйымдастыру


Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің оның ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Министр Министрліктің жұмысына басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады. Министрдің негізгі функцияларын төмендегідей көрсетуге блады: [8]

1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасын білдіреді;

2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;

3) өзінің орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды, сондай-ақ жауапты хатшыны қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Сондай - ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы Министрлік аппаратын басқарады. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соқпайды. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне және Министрге есеп береді. Жауапты хатшының негізгі функцияларын жекелеп көрсетейік:

1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілері мен тапсырмаларын орындайды;

2) Министрлік аппаратына басшылық етеді: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етеді;

4) Министрмен келісілген соң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штаттық саны шегінде Министрліктің, ведомствоның құрылымын және штаттық санын бекітеді;

5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

6) Министрліктің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібін, кадр қызметі мен құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету мақсатында және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік сатып алулар өткізуді ұйымдастырады;

8) Министрмен келісілген соң Министрліктің департаменттері және басқармаларының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

9) Ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынатын ведомство басшысының орынбасарын Министрдің тағайындауын келіседі;

10) Министрдің келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

11) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің және басқа да жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды қоспағанда, Министрдің келісімі бойынша дипломатиялық қызмет персоналының тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;

12) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

13) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және Министрліктің қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;

14) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

15) Министрдің келісімінен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;

16) Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;

17) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

18) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;

19) Өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;

20) Еңбек қатынастарының жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын персоналды қоспағанда, Министрліктің персоналын лауазымдарға тағайындайды және босатады;

21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Сондай-ақ жауапты хатшының Министрліктің аппараты қызметкерлерінің орындау үшін міндетті тапсырмалар беруге, өзге мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға, жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.

Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапкершілікте болады.

Министрдің жанынан сандық және жеке құрамын Министр бекітетін алқа құрылады. Алқа халықаралық жағдайдың, Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметінің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің практикалық жұмысының негізгі мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктерін Министрліктің регламенті және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер белгілейді. [10]

Ал Министрліктің болашақтағы іс-әрекетінің жоспары Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2008 жылєы 23-желтоќсандаєы N 1212 ќаулысымен бекітілген Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ 2009-2011 жылдарєа арналєан стратегиялыќ жоспарында айтылған. [11]

Јлемдік тјжірибені зерделеу сыртќы саясат ведосмтвосыныѕ абсолютті жетілген ќўрылымы іс жїзінде јлемніѕ бірде-бір елінде жоќ екенін, ал оларды реформалау їздіксіз їдеріс болып табылатынын кґрсетеді.

Мемлекет ќызметініѕ тиімділігін арттыру - Ќазаќстанныѕ болашаєын айќындайтын басты фактор. Демек, бўл - аса маѕызды стратегиялыќ міндет.

Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ Орталыќ аппараты жјне шетелдердегі мекемелері ќызметініѕ тиімділігіне ќол жеткізу жјне жаќсарту ќажеттігін назарєа ала отырып, орта мерзімді кезеѕде келесі іс-шараларды жїзеге асыру жоспарлануда:



  • Озыќ аќпараттыќ жјне коммуникациялыќ технологияларды енгізу;

  • СІМ-ніѕ жјне ЌР шетелдегі мекемелерініѕ оѕтайлы ќўрылымын ќўру;

  • Басќарудыѕ жїйесі мен јдістерін жетілдіру, їйлестіру мен баќылаудыѕ тиімді тетіктерін енгізу;

  • Кадрлыќ ќамтамасыз ету жїйесін жетілдіру.

Сонымен, Сыртқы істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Оның негізгі функциялары: өзінің орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді, дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ал жауапты хатшы министрлік аппаратты басқарады, ал функцияларын жоғарыда тізбектеп көрсеттік. Сыртқы істер министрлігінің тиімділігін арттыру - Ќазаќстанныѕ болашаєын айќындайтын басты фактор. Демек, бўл - аса маѕызды стратегиялыќ міндет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет