Тізбектелген r-l-c кернеу көзіне қосылғанда болатын өтпелі процесстер. [1-21]


Сымдардағы құлаушы және шағылушы толқындар. Шағылу коэффициенті



бет3/7
Дата11.06.2020
өлшемі45,87 Kb.
#72992
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
46-56 электро

Сымдардағы құлаушы және шағылушы толқындар. Шағылу коэффициенті.

Серпiндi толқынның таратуының жылдамдықтары тұрақты еместігімен мiнезделетiн тұрақты емес ортада, оның сәулелері тіксызықты емес. R шекарасы бар кеңістікте толқынның таралу ерекшеліктерін қарастырайық (4.5 – сурет). R шекарасынан жоғары I ортасы орналасқан, онда бойлық және көлденең толқындардың таралу жылдамдығы υP1 және υS1 тең, II ортаның шекарасынан төмен жерде жылдамдықтар υP2 және υS2 тең. I ортада серпінді толқын таралады, біз оны құлаушы деп атайық. Құлаушы толқын шекарасына жеткен кезде, оның шағылуы және сынуы болады. Құлаушы толқынның энергиясы арқылы екінші толқындар пайда болады: шағылысқан (бойлық P11 және көлденең P1S1) және өтетін (бойлық P12 және көлденең P1S2). Шағылысқан толқындар I ортада таралады, ал сынған толқындар – II ортада. Осыған сай, шекарасында әрбір құлаушы толқын төрт екінші толқынды туғызады. Толқындар шағылысқан және сынған кезде сәулелердің сынуы және фронттың бұрылуының өзгеруі өтеді (4.5 – сурет).Жарықтың шағылуы — жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы. Бұл жағдайда түскен және шағылған сәуле үшін 1-орта мөлдір болуы тиіс. Жарық шығармайтын денелер бетінен Жарықтың шағылуы салдарынан көрінетін болады. Мөлдір 1-ортадағы жарық сәулесі сыну көрсеткіші сол ортаға қарағанда өзгеше болатын 2-ортаға жеткен соң, оның біршама бөлігі сынып, басқа бағытпен таралады да, енді бір бөлігі 1-ортаға қарай кері шағылады. Шағылған және сынған сәулелер қарқындылығының салыстырмалы шамасы жарық түскен дененің табиғатына, оның бетінің тегістігіне, жарықтың құрамы мен түсу бұрышына, т.б. тәуелді болады. Кейде жарық сәулесі толығымен кері шағылады. Бізге көрінетін денелердің басым көпшілігі өзінен жарық шығармайды. Егер жарық сәулесі түсетін бет жалтыр, тегіс болса (яғни түскен сәуле толқынының ұзындығы беттің бұдырларының биіктігінен үлкен болса), онда Жарықтың шағылуы айналық (“дұрыс”) шағылу деп аталады. Мысалы, беті мұқият тегістелген металдан Жарықтың шағылуы айналық шағылу болады. Айналық шағылу кезінде мынадай заңдылықтар орындалады:
1) шағылған сәуле түскен сәуле мен шағылдыратын бетке түсірілген нормаль арқылы өтетін жазықтықта жатады;
2) сәуленің шағылу бұрышы () түсу бұрышына () тең (=), түскен және шағылған жарық сәулелері өзара қайтымды болады. Егер жарық түскен бет күңгірт немесе кедір-бұдыр болса, онда жарық барлық жаққа бытырай шағылады, яғни жарық жан-жаққа шашырайды. Жарықтың осылай шағылуын диффузиялық (шашырап) шағылу деп атайды. Мысалы, кәдімгі қағаз беті жарықты шашыратып шағылдырады. 
Диффузиялық шағылуда денеден шағылған сәулелер жан-жаққа таралатындықтан, ол денені біз барлық жақтан да көре аламыз. Жарықтың айналық шағылуы кезінде шағылған жарық толқыны түскен және сынған толқындармен когерентті болады. Сондықтан түскен және шағылған толқындар бір-бірімен интерференциялануы да мүмкін. Жарықтың шағылуы кезінде жарықтың полярлануы да байқалады. Жарық шағылатын бет түсінің оны жарықтандыратын жарықтың түсімен бірдей болмауы да осыдан. Шағылған жарық қарқындылығының түскен жарық қарқындылығына қатынасы түскен жарықтың толқын ұзындығына тәуелді. Егер жарық сәулесі оптикалық тығызырақ (n1) ортадан оптикалық тығыздығы (n2) кемірек (n2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет