Мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау не үшін қажет?
1-сурет. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс
Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мек- теп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесіне Үшінші деңгей бағдарламасының барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.
Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты:
жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру;
әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;
оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;
оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;
барлық оқушыларды қамтуға бағытталған стратегиялық жоспарлау.
Оқу мақсаты - мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс? Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:
оқушыға бағытталуы керек;
белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.
Тізбектелген сабақтар топтамасын оқыту маңызы
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау, оқыту және ол бойынша рефлексия жүргізу Үшінші деңгей бағдарламасының негізгі мәселесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |