1 нұсқа.
І деңгей
Дұрыс жауабын табыңдар:
1. Тұйық сынықтың буындарының ұзындықтары1, 2, 4, 8 м бола ма?
а) иә; б) жоқ; в) жауап жоқ.
2. Бесбұрышта неше диагональ бар?
а) 3; б) 5; в)7.
3. Sn=1800(n-2) формуласын қолданып дөңес жетібұрыштың бұрыштарының қосындысын табыңдар:
а) 12600; б) 10800; в) 9000 ІІ деңгей 4. Дұрыс төртбұрыштың қабырғасы 4 см. Сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.
5. Дөңес бесбұрыштың бұрыштары 2:4:3:4:5 қатынасындай болса, бесбұрыш бұрыштары неге тең?
6. 600 бұрыштың радиандық өлшемін тап.
ІІІ деңгей. 7. Дұрыс онбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының шамаларын табыңдар.
8. Дұрыс үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы 6√3 см. Үшбұрыш периметрін тап.
IV деңгей 9. Дұрыс алтыбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер радиустарының айырымы 4 см болса, радиустарын табыңдар.
10. Көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер ұзындығы 24 см, ал оның қабырғасының ұзындығы 12√3 см. Көпбұрыш қабырғасы нешеу.