Сендер бұған дейін тітіркенгіштік, нақтырақ айтқанда қозғыштық ұғымын кездестірдіңдер. Қозғыштық дегеніміз - бұл тірі жүйенің тітіркендіргіш әрекетті қабылдап, оған қозу (өз жағдайын өзгерту) арқылы жауап қайтаруы. Қозу дегеніміз - тітіркенуге орайлы әрекет жасауы - тыныштық жағдайдан іс-әрекет жағдайына өтуі. Ағзамыздағы жасушалардың барлығы бірдей өз жарғақшаларындағы заряд-тардың өзгеруіне еткен әсерге жауап қайтара бермейді.