анемия, миелоциттерге, промиелоциттерге дейін ығысқан лейкоцитоз
53 - жастағы әйел, басы, жүрек тұсының ауыруына, күшейетін тері қышуы, аяқ саусақтарының күйдіріп ауыруына шағымданады. Қарағанда: терісі гиперемияланған. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ - 74 рет мин., АҚ - 180/110 мм с.б.б. Көкбауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, ауру сезімсіз. Қанда: эритроциттер - 6,9 млн., Нв - 198 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 11,3 мың, таяқша - 7%, сегменттер - 60%, эозинофилдер - 4%, лимфоциттер -25%, моноциттер - 4%, тромбоциттер - 480 мың, ЭТЖ - 1 мм/сағ. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін ?
эритремияның
Пиквик синдромының
гемоглобинопатияның
артериалды гипертензияның
шартты гемоконцентрациялық эритроцитоздың
40 - жастағы ер адам, әлсіздік, тершеңдік, дене салмағының төмендеуі, сол қабырға астындағы тұйық ауыру сезімге шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. Көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауырмайды. Қанында: эритроциттер – 3,0 млн., лейкоциттер – 96 мың, тромбоциттер - 200 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер – 84 г/л, метамиелоциттер - 8%, таяқша -12%, сегменттер - 52%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%. ЭТЖ – 56 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
созылмалы миелолейкоз
созылмалы лимфолейкоз
жедел миелобластты лейкоз
тромбофлебитикалық спленомегалия
миелоидты типті лейкемоидты реакция
52 - жастағы ер адамда, анемия анықталды: Нв – 85 г/л, ТК – 0,8, сарысулық темір – 7,8 ммоль/л. Созылмалы қан жоғалту белгілері жоқ, 5 жыл бұрын аш және мықын ішектің түйілуіне байланысты, аталған ішектердің резекциясы жасалынған. Төменгі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
индометацинлі
феррум-лекті
витамин В12
фоль қышқылын
эритромасса трансфузиясын
48 - жастағы ер адам бас айналуы, әлсіздік, аяқ-қолдарының ұюы мен әлсіздігіне шағымданады. Анализінде созылмалы гастрит. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, склералары субиктериялы. Жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖСЖ – 93 рет мин. Тілі – «географиялық». Аздаған гепатоспленомегалия. Қанында: эрит. – 2,4 млн., Нв – 79 г/л, ТК – 1,3, лейк. – 3,6 мың, тромб – 134 мың, ЭТЖ – 34 мм/сағ. Төмендегі себептердің қайсысы анемияның дамуына әкелуі БАРЫНША мүмкін?
асқазан жарасы
асқазан эрозиясы
беткейлік гастрит
Достарыңызбен бөлісу: |