53
Тақырып 14.1 Қазақстан Шренк шыршасы ормандары ормандары
бойынша зертханалық жұмыс
Мақсаты:
шыршалы орманда кездесетін Шренк шыршасымен танысып,
биоэкологиялық сипаттама беру.
Жалпы түсінік
Қазақстан ормандары ішінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты терең
зерттелгені – шыршалар орманы (Быков, 1985).
Шыршаның таулардағы
түрлерінің ылғал және топырақ қорғап сақтаудағы рөлі зор. Шыршаның
түрлеріне Кавказда өсетін Picea orientalis,
Қиыр Шығыс тауларындағы -
Picea ajanensis, Тянь-Шандағы Picea schrenkiana жатады. Шренк шыршасы
фитоценоздары жоғары өнімді және сымбаттылығымен және сұлулығымен
ерекшеленеді.Picea schrenkiana Fisch. et Mey – Шренк шыршасын 1842 жылы
Ф. Г. Фишер және К. А. Мейер Жоңғар Алатауынан жиналған данасы
бойынша
сипаттады. Бұл мәңгі жасыл қылқанды ағаш биіктігі 45-50 м және одан да
биік болуы мүмкін.Шренк шыршасы – полиморфты. Қазіргі кезде оның
бірнеше түр
тармақтары, вариациялары және формалары бар. Шренк
шыршасының полиморфизмдігі - оның генофондының молдығының
дәлелі, тек морфологиясын,
биологиясын және экологиясын,
адаптациясының кең мүмкіншілігін ғана емес, оларға қосымша ценотикалық
және трофикалық байланыстарын дәлелдейді.
Шырша туысы - алғашқы юра
дәуірі шөгінділерінен белгілі. Яғни тіршілік ете бастағанына 175 млн жыл
болды.Академик Б. А. Быковтың (1985) пікірінше, Шренк шыршасының бүкіл
ареалдарын (бұрынғы КСРО шекарасында) 7 ауданға бөлуге болады:
1. Сауыр – ең солтүстіктегі
шырша орманының кішкентай
учаскесі.
2. Жоңғар – Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлеріндегі шырша
ормандары Abies sibirica қатысады.
3. Солтүстік Тянь-Шань – ең жоғарғы өнімді шырша ормандары. Ол ормандар
Іле Алатауында және Күнгей Алатауында және Талас, Теріскей Алатауларында
орналасқан.
4. Солтүстік Тянь-Шань (Іле Алатауының және Күнгей Алатауының шығыс
сілемдері, Кетпентау, Иныльчек және Куйлю).
Бұл ормандар Солтүстік Тянь-Шань және Орталық Тянь-Шань ормандарына
өте жақын ерекше Arctous alpina өсімдігінің қатысуымен.
5. Орталық Тянь-Шань салыстырмалы аласа және өнімділігі аз Талас Алатауы
(оңтүстік макроклин) Сусамыртау, Нарынтау, Атбашитау ормандары.
6. Батыс Тянь-Шань Picea schrenkiana subsp. tianschanica доминант ормандар
7. Алай-Шренк шыршасының ең оңтүстігіндегі ормандары.
Алай және
Заалай жоталарындағы биік таудағы қайыңды шыршалықтар.
Достарыңызбен бөлісу: