48
Қазақстанның барлық аумағында орман, дала және орман дала өрттері
тіркеледі. Олар хайуанаттар дүниесін, тал-шыбықтарды, бұталарды, дала мен
орманда дайын өнімдерді, құрылымдарды және ғимараттарды жояды. Орман
өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді. Өз кезегінде төменгі
және
жоғарғы,
тұрақты
және
тұрақсыз
болады.
Тұрақты төменгі өрттер орманның төменгі қабаттары бойынша аз
жылдамдықпен (минутына 0,5м) ағаштардың топырақ бетіне шыққан
тамырлары бар төменгі бөліктерімен (топырақ қабаты, бұталар, ұсақ шырпылар
өртенеді)
таралады.
Тұрақсыз төменгі өрттер топырақтың тірі және өлі бөлігін, шырпылрды, орман
егістерін, бұталарды өртейді, бірақ қолайлы жағдайлар есебінен жылдамдығы
минутына 0,5-1 м және өрттің жоғары болуымен, дымқылдығы жоғары
орындардан
өтіп
кетіп
таралады.
Төменгі өрттер үшін кең таралған өрттің формасы тән.
Орман өрттер әр түрлi себептермен болады. 90 % өрттерге дейiн еңбек
және демалыс орындарында өрт қауiпсiздiгi шараларының тұрғындардың
бұзуы, сондай-ақ жөнделмейтін техниканы пайдалану нәтижесінде болады.
Табиғи өрттер найзағайлардан болады. Әсіресе жиі өрттер қолайсыз
метеорологиялық жағдайларында (ауаның жоғары температурасы, жаңбырдың
көп уақыт боламуы) болады. Өрттер жиі табиғи объектілер жағдайын бақылау
қызметтерінің жеткіліксіз бақылауы және жекелеген өрт ошақтарының пайда
болғаны туралы сәйкес органдарға уақытында хабарланбағандығынан, сондай-
ақ жағдайды объективті емес бағалау нәтижесінде болады. Осының барлығы
жекелеген өрт ошақтарының ірі, болып, табиғи апатқа айналады.
Республикамызда орман өрттерінің шығына ондаған миллион теңгемен
бағаланады.
Өрт қауiптiлігі жоғары болып Ақмола, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан,
Қостанай
облыстарды
аумақтағы
орман
массивтері
жатады.
Бақылаудан шығып кеткен орман және дала өрттері орман массивтерін, ауыл
шаруашылық мәдениетінің егіндерін және жайылымдарын жояды.
Достарыңызбен бөлісу: