Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет35/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h

Тапсырма
1.
Орман биоценозы үшін бір жайылымдық және бір детриттік қоректік 
тізбекке мысал келтіріп, суретіін салу; 
2.
Орман биогеоценозына сипаттам жазыңдар. Сол биогеоценозды құрайтын 
ағзалар арасындағы байланысты тап беріңдер; 
3.
Ормандағы қоректену тізбегіне мысал келтіріңдер. 
 Бақылау сұрақтары: 
1.
Макрофауна дегеніміз не? 
2.
Орманда қоректік тізбектің неше түрін ажыратады? 
3.
Фауна орманның құрамына өзгеруіне қалай әсер етеді? 
 
Тақырып 12. Орман фитоценозы 
Мақсаты: 
студенттерге орман фитоценозы жайында білім беру және 
кәсіби біліктілігін жоғарлату 
Жоспар: 
1.
Орман фитоценозының құрамы
 
Әдістемелік нұсқау 
Орман фитоценозы құрамына ағаштар доминант, эдификатор және
негізгі өндіруші және шыбықтар (подрост), бұталар, аласа ағаштар 
(подлесок) топырақ бетіндегі тірі жабын кіреді.Подрост дегеніміз - жас
ағаштар жиынтығы, олар ескі ағаштар шымылдығы астында болады.Ағаштар 
бір жасқа дейін көктеу деп аталады, 3-5 жасқа дейін өзі көктеп шыққан дейді. 
Топырақ бетіндегі тірі жабын – мүктердің, қыналардың, шөптесін өсімдіктердің 
және бұталардың жиынтығы. 


44 
Орман фитоценозына тән белгі – ерекше микроклимат. Өйткені
шымылдық арқылы жылу және жарық өте аз өтеді. Жел жоқ, жауын-
шашын да түгел жетпейді. Орманның тағы бір ерекшелігі – төсеніш 
(топырақ бетіндегі қабат), өсімдіктер қалдықтарынан пайда болған.
Төсенішіне байланысты оның ерекше микроклимат жағдайында ыдырауына
байланысты топырақ процестерінде тиісті режим болады. Орман 
топырақтары өзінің морфологиясымен және физикалық-химиялық 
көрсеткіштерімен ерекшеленеді.Орман фитоценозы өздеріне тән тік және 
көлденең құрылымымен сипатталады. 
Тігінен ол ярустарға бөлінеді, ол ярустар өсімдіктердің әртүрлі тіршілік
формаларынан және түрлерінен тұрады. Мұндай ярустар геоботаникада 
синузиялар деп аталады. Егер де ағаштар әртүрлі породалардан және
әртүрлі жастағы болса онда олардың бөлшектенуі (синузияларға бөлінуі)
қиындай түседі. Төменгі ярустар синузиялары құрамына бұталар, жартылай 
бұталар, бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар кіреді.Фитоценоздың көлденең
құрылымы да біркелкі емес, мозайкалық байқалады. Оны ағаштардың
құрамының біркелкі еместігімен, ағаштардың топтана орналасуымен,
микрорельефтің және топырақтың біркелкі еместігімен түсіндіруге болады. 
Орман мозайкасының жеке элементтерін парцелла деп атайды (кейбір 
геоботаникалық әдебиеттерде микротоптар, ценоэлементтер деп те атайды). 
Ағаштардың жастары ұлғаюына байланысты парцелла құрылымы 
күрделіленеді. Піскен шырша ормандарында көктерек (Populus tremula -
осина) немесе қайың (Betula - береза) парцеллаларын кездестіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет