41
алыс жерлерге жайылады. Мысалы, барқылдық торғай жеміс өсімдіктерінің 30
түрінің дәндерін таратады. Тышқандар, ала тышқандар дәндер мен жемістердің
қорларын жасағанда қалдықтары қолайлы жағдайларға түскенде
өніп жаңа
өсімдікке бастау береді. Сондықтан, өртенген, кесілген, зиянкестермен орман
жойылған жерлерде орманды келтіруде құстар мен аңдардың мағнасы зор.
Көптеген жәндіктер орман ағаштары мен бұталары тозаңдануға әсер
етеді. Жыртқыш және омыртқасыз жәндіктер,
жәндіктер жегіш құстар, кейбір
сүт қоректілер зиянды жәндіктерді жеп сандарын азайтады.
Жануарлар орманға белгілі зиян келтіреді, өйткені табиғи көбеюі
дәндердің өнімділігі төмендеумен байланысты. Олар бағалы ағаш
тұқымдарының дәндері мен жемістерін жейді. Дәндер мен жемістерді
тышқандар мен сұртышқандар да белсенді жояды. Бір тышқан тәулігіне 1400
дәнге дейін жейді.
Сүт қоректілер қылқан және жапырақты жас өсімдіктерді қатты
зақымдайды. Тышқандар және әсіресе сұртышқандар
қардың астындағы жас
ағаш өсімдіктерінің вегетативтік бөліктерімен қоректенеді. Олар өздігінен
өсетін және жас өскіндерді 25% дейін жояды.Оларды сонымен қатар қояндар,
бұландар, еліктер, бұғылар қабығын кеміріп және жұқа бұталарын тістеп зақым
келтіреді.Әсіресе көп зақымдауларды бұландар жасайды.
Фауна шөп. Мүк және қына өсімдіктеріне, орман төсенішіне әсер етеді.
Ормандық тұяқты аңдар мен кеміргіштер азық ретінде шөптерді, мүктерді,
қыналарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді қолданады. Қарабауыр, құр, ақ
құрлар көптеген жидектерді жиді. Сондықтан
хайуандар жер бетіндегі
өсімдіктердің түрлік құрамына әсер етеді.Көптеген орман құстары жәндік
қоректі сондықтан орманның санитарлық жағдайын жақсартады. Зиянды
жәндіктердің жұлдызқұрттары және құрттарымен азықтанатын мына құстар –
көктеке, көкек, сары шымшық, сары торғайлар өте пайдалы.
Жәндіктер орманның ажыратылмайтын бөлігі. Олар топырақтағы заттар
айналымын жеделдетеді, топырақ қалыптасу процесіне белсенді қатысады,
ағаштар мен бұталарды тозаңдатады, көптеген
аңдар мен құстардың азығы
болады, зияды жәндіктерді жояды ж.т.б. Сонымен қатар жәндіктер орман және
ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, паразиттер және жануарлар
мен адамдарға аурулар жұқтырады ж.т.б.
Орман аңдары мен құстары аңшылық шаруашылығының құнды объектісі
болып есптеледі.
Достарыңызбен бөлісу: