38
Тақырып 10.1 Орман және топырақ бойынша зертханалық жұмыс
Мақсаты:
топырақтың орман тіршілігіндегі маңызын анықтау және
орманның топырақ үшін маңыздылығын қарастыру.
Жалпы түсінік
Топырақтың қалыптасуы биотикалық факторлардың – өсімдіктер,
жануарлар, саңырауқұлақтар және микроорганизмдердің қатысуымен
жүреді.Топырақтардың типтерінің әртүрлі болуы жоғарыда келтірілген
факторлардың әртүрлі үйлесуіне байланысты. Нақты климат белдеуіне
топырақтың белгілі типтері не типі тән. Орман формацияларының
ерекшеліктері топырақ – жер жағдайымен анықталады. Бай топырақтарда
орман құрамы аралас, құрылысы күрделі, өнімділігі жоғары (I-II бонитет
класы) фитоценоздар қалыптасады. Ал кедей топырақтарда құрамы таза (аралас
емес), өнімділігі төмен фитоценоздар (V-IV бонитет класы) қалыптасады.
Аналық тау жынысынан топырақтың айырмашылығы оның ерекше
қасиеттері бар. Табиғи құнарлылығы, өсімдіктерді қоректік элементтермен
және сумен қамтамасыз етуге қабілеттілігі. Топырақтан өсімдіктер дұрыс
тіршілік етуіне қажетті барлық элементтерді алады.
Топырақтың байлығына қатысты барлық ағаш тұқымдары 3 топқа
бөлінеді:
1. Олиготрофтар (кедей топырақтарда өсе алады – қарағай, арша, талдың
кейбір бұталы түрлері)
2. Мезотрофтар (топырақ құнарлылығына талабы орташа орман түзуші
тұқымдардың негізгі бөлігі)
3. Мегатрофтар (бай топырақтарды артығырақ көретін тұқымдар – шырша,
самырсын, емен, шаған, қараағаштар)
Достарыңызбен бөлісу: