Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары


Тақырып 9.1 Орман және ылғал бойынша зертханалық жұмыс



Pdf көрінісі
бет27/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h

Тақырып 9.1 Орман және ылғал бойынша зертханалық жұмыс 
Мақсаты:
ылғалдың
 
орманға тигізетін әсерін анықтау және орман 
үшінылғалдың маңыздылығын қарастыру. 
 
Жалпы түсінік 
Органикалық заттардың синтезі және өсімдіктер қауымының тіршілік 
етуі сусыз мүмкін емес. Биомасса өнімі фитоценозға келіп түскен судың 
мөлшеріне және пайдаланылуына тура пропорционал.Орман ылғалды көбінесе 
жауын-шашын есебінен алады. Жауын-шашын мөлшері табиғат-климат 
жағдайына бағынышты.Жауын-шашынның мынадай түрлерін ажыратады:
жауын, қар, бұршақ, қырау (изморозь, инеи), көк тайғақ (көк мұз), шық, тұман. 
Көбінесе орман экожүйесінде сұйық жауын-шашын өзгереді. Бұл жауын-
шашындар ағаштардың, шыбықтардың, бұталардың кроналарында және
шөптесін өсімдіктер ярусында кідіреді. Оның айтарлықтай бөлігін орман
төсеніші сіңіреді және одан әрі жер асты суларына айналады. Жауын-
шашынның үлкен мөлшері транспирацияға жұмсалады. Транспирация –
устьица арқылы физологиялық булану. Көптеген өсімдіктердің
жапырақтарының жарық және көлеңке беттерінде, ал кейбір өсімдіктердің тек 
көлеңке 
беттерінде 
устьицалар 
болады. 
Ксерофиттерде 
устьицалар 
мезофиттерден аз болады. Мезофиттердің жапырақтарының 1 шаршы мм 
600-ден астам, ал ксерофиттерде 60 шамасында устьицалар болады.Ормандағы 
су балансын формула арқылы былай көрсетуге болады: 
W = T + E + C + F 
Мұндағы, 
T – судың транспирацияға жұмсалуы (барлық судың 60% дейін); 
E – топырақ бетінен және фитоценоздардан физикалық булану
(40% шамасында); 
C – ағатын су (су ағуы топырақ бетінде және топырақ ішінде болуы мүмкін);
C = D + S 
D – топырақ бетіндегі ағын су ол орманда көп емес (10% шамасында); 


35 
S – жер асты сулары (20%); 
F – органикалық заттардың синтезделуіне жұмсалатын су (3%). 
Ылғалға қатысты ағаш породаларын мынадай топтарға бөледі (П.С. 
Погребняк, 1968): 
- Ксерофиттер – сексеуіл (Haloxylon - саксаул), арша (Juniperus -
можжевельник), пыста (Pistacia – фисташка), емен (Quercus - дуб
пробковый), қарағай (Pinus - сосна), жиде (Elaeagnus - лох), шырғанақ 
(Hippophae - облепиха), қараағаш (Ulmus - вяз мелколистный), қызыл тал (Salix 
acutifolia – ива красная). 
- Мезофиттер – емен (Quercus - дуб черешатый), шынар түсті үйеңкі (Acer 
platanoides – клен остролистный) және дала үйеңкісі (Acer campestre - клен 
полевой), жөке (Tilia - липа), граб (Caprinus), балқарағай (Larix - лиственница),
шамшат (Fagus - бук), каштан (Aesculus), қайың (Betula - береза повислая),
көктерек (Populus tremula - осина), Сібір қарағайы (Pinus sibirica - сосна 
сибирская), самырсын (Abies - пихта), ильм (Ulmus), бузина (Sambucus - 
бузина). 
- Гигрофиттер – қайың (Betula pubescens - береза пушистая), қандыағаш 
(Alnus), қаратерек (Populus nigra - осокорь), тал (Salix - ива козья, серебристая, 
ломкая), мойыл (Padus - черемуха). 
Ормандар ашық жерлермен салыстырғанда ылғал көп жиналуына байланысты 
жер бетіндегі ағын суларды жер асты суларына ауыстырып өзендерді сумен 
қамтамасыз етеді. Территорияның ормандылығы жоғары болған сайын 
өзендердегі судың деңгейі жоғары болады. Ормандылықтың азаюы өзен 
суының тартылуына алып келеді.Басқа экожүйелермен салыстырғанда 
орманда қар көбірек жиналады. Қарлар жапырақты орманда молырақ болады. 
Қылқан жапырақты ормандарда қар азырақ жиналады. Мысалы,
шыршалықтарда қар қалың ормандарымен салыстырғанда 40%-ға аз 
жиналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет