37
Топырақ және тамыр жүйесі.
Топырақтың механикалық құрамы ағаш
түрлерінің тамыр жүйесінің таралуына және пішініне, ал сондықтан
кейінгілердің желге орнықтылық дәрежесіне әсер етеді. Мысалы, саздауыт
топырақтағы шыршалар желге сұламалы болып келеді.
Орман шаруашылығы тәжірибесінде топырақтың физиологиялық
белсенді қабатын жоғарлатуға болады, ол үшін тамыр жүйесі жоғарғы қабатқа
және өте тереңге кететін ағаш түрін (мысалы,шырща мен қайыңды немесе
шегіршін түрлерін ) араластырып өсіруге болады.
Өз кезегінде тамырлар топырақ микрофлорасынның дамуына көп әсер
етеді, сол арқылы ағаш түрлеріне байланысты ризосфераны әр түрлі химиялық
элементтермен байытады. Тамырлар бөліп шығаратын элементтер құрамында
ферменттерде болады.
Бірақ,
кейде тамыр шығаратын элементтер әсерінен, әсіресі
фитоцидтермикроорганизмдер үшін уытты болуы мүмкін. Ризосферада
дамитын микрофлорада өсңімдікті қоректендіруде үлкен рөл атқарады.
Өсімідік – биомелиоранттардың ( қараған, талбұршақ, көпжылдық
бөрібұршақ ) тамыр түйнектеріне бактериялар орналасып, ауадан азотты жұта
отырып, олар топырақты байытады.
Орман
топырағын
жақсарту
жолдары.
Орманның
топырақ
құнарлығына оң әсері негізінен биологиялық айналымның сіңімділігі мен
қарқындылығына негізделген.
Дегенмен, ол орман топырағы құнарлығын арттырудың басқа да арзан
тәсілдерін қолдануды жоққа шығармайды. Олар:
1)
ормандағы шірімеген қалдықтардың қалың қабаты бар кезде
топырақты өңдеу ;
2)
топыраққа нитрифициялайтын бактериялар егу;
3)
күлді топырақты әктеу;
4)
ттым дымқыл топырақты құрғату;
5)
ағаш және бұта түрлерін араластырып отырғызу;
6)
мал жаю;
7)
күтіп – баптау кесулері;
8)
кесілген орманды тазарту;
9)
орман топырағын биологиялық және химиялық мелиорациялау.
Орман топырағын жақсартудың аса тиімдісі- кешенді әдістерді қолдану
болып табылады. Олар заттардың биологиялық айналымын қарқындатуға
көмегін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: