Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет34/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h

 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Орманда қандай омыртқасыздар тіршілік етеді? 
2.
Омыртқасыздардың орман тіршілігінде қандай пайдасы бар? 
3.
Омыртқалылардың қандай түрлері орманда тіршілік етеді? 
4.
Омыртқалылардың орманға келтіретін зияны мен пайдасы? 


42 
Тақырып 11.1 Орман және фауна бойынша зертханалық жұмыс 
Мақсаты:
студенттерге орманда тіршілік ететін жануарлардың 
түрлерін, бір біріне байланысын үйрету.
 
Жалпы түсінік 
Орманның доминанттары, эдификаторлары және негізгі өндірушісі 
(продуцент) болып ағаштар саналады. Оның құрамына және формасына
аласа ағаштар тобының құрамы және құрылысы, жер бетіндегі тірі жабыны
және де жануарлар мен саңырауқұлақтар түрлерінің құрамы және молдығы 
бағынышты. 
Өсімдіктерден басқа компоненттерді былайша көрсетуге болады: 
- Макрофауна – жабайы және үй жануарлары, құстар, ірі насекомдар, 
жыландар, шаяндар және т.б.
- Мезофауна – топырақ құрттары, моллюскалар, көпаяқтылар, әртүрлі 
насекомдар. 
- Микрофауна – қарапайымдар (амеба, инфузория және т.б.) нематодтар, 
кенелер, жабайы қанатсыз насекомдар. 
- Микрофлора – саңырауқұлақтар, микробтар, актиномицеттер, балдырлар. 
Орманда өсімдіктердің фаунамен өзара тығыз байланысын қоректік
тізбек арқылы бағалауға болады, бір организмді басқаларының жеуі 
нәтижесінде энергия ауысады. Қоректік тізбектің 2 түрін ажыратады: 1)
жайылымдық және 2) детриттік (өсімдік қалдығы). 
Бірінші жағдайда негізгі болып тірі ұлпалар, ал екінші жағдайда фитодетрит 
болады. Орманда бұның екеуі де мәнді рөл атқарады. Орманда қоректік 
тізбектің бұзылуы күтпеген жағдайларға алып келуі мүмкін. Мысалы, 
қасқырлардың жойылуы тұяқтылардың көбеюіне және бағалы төлге зиянын 
тигізеді. Қоректік тізбектер араласып жүйе түзеді. Жайылымдық және
детриттік тізбектер араласады. Кескен ағаштар қалдықтары және 
тамырлардың шектен тыс көбейіп кетуі ағаштарды бүлдіретін 
саңырауқұлақтардың дамып тірі ағаштарды ауруға шалдықтырады.Тізбектер 
өзара қатынастарды сапалық жағынан сипаттайды, ал сан жағынан сипаттауды 
немесе қауымның трофикалық құрылысын экологиялық пирамида (масса, сан, 
энергия) 
береді.Жайылымдық 
пирамиданың 
табанында 
өсімдіктер 
продуценттер болады, екінші қабатта тұяқтылар, кеміргіштер, құстар, 
насекомдар орналасқан. Одан жоғары жыртқыштар.Детриттік пирамиданың
табанында детриттер келесі қабатта микроорганизмдер, саңырауқұлақтар,
мезофауна (детритофагтар).
Одан жоғары жыртқыштар орналасқан. Әрбір 
келесі қабат (немесе кезең) өнімділігі жағынан өткеннің 10-20% құрады. Қалған 
энергия өз басы тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалады. Биологиялық 
айналымда – органикалық затты пайдалануда, оны
майдалауда, ыдыратуда басты рөлді детритофагтар (лат. детрит – ыдырау, 
грек. фаг – жеймін) атқарады. Қоректік тізбекті және экологиялық пирамиданы 
сақтау әдеттегі биоайналымды және орман экожүйесінің тұрақтылығын 
қамтамасыз етеді.Бірақ та өсімдіктер және жануарлар түрлері арасындағы


43 
өзара
қарым-қатынас тізбектегі және пирамидадағыдан күрделірек. Өзара 
қарым-қатынастың әртүрлі түрлері бар: кооперация, бәсекелестік, мутуализм,
комменсализм және т.б. Бұл мәселелер орманның климатқа және топыраққа
бағыныштылығына қарағанда жеткіліксіз зерттелген. Бірақ та 
шаруашылықтағы әр қолданған шара жоғарыда келтірілген, ормандағы өзара
қарым-қатынасқа әсер етеді. Экожүйелердің дамуы барысында олардағы 
қатынастар реттеліп, тепе-теңдікке келіп тұрақтылығын арттырады. Ол өзара
қарым-қатынастар ағаштар жасының өзгеруіне қарай өзгеріп отырады. 
Өсімдіктер эволюциясы жануарларға бағынышты және керісінше. 
Биоайналымға қосымша фауна орман түзуге қатысады (тозаңдану, тұқымдар 
тарату, өскіндердің тамырлануын тездету және т.б.). Фауна орманның 
құрамының өзгеруіне әсер етеді (бәсекелес породалар тұқымын алып келу, 
қабандардың жаңғақтарды жоюы, қылқан жапырақтылар өскіндерін
тұяқтылардың зақымдауы, насекомдар личинкаларының тамырларды 
зақымдауы және т.б.).Өрттен, дауылдан және құрғақшылықтан кейін 
насекомдар және құстар орманның қалпына келуіне қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет