Түйнеме зооноз



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі22,32 Kb.
#79811
1   2
Байланысты:


Лабораториялық әдістер:
-Бактериоскопия – жағындыда ірі, грам «оң», спора немесе капсула түзетін таяқшаны анықтау;
-Бактериологиялық зерттеу - B. Аnthracis бөліп алу (зерттеуге алынатын биосубстраттар №6 кестеде көрсетілген);
- ПТР;
-Серологиялық реакциялар (ИФА, Вестерн Блот, токсинді анықтау, хроматографиялық зерттеу, флюоресцентті антиденелерді анықтау);
-Биологиялық әдіс (лабораториялық жануарларға жұқтыру);
-Терілік –аллергиялық сынама - тері астына антраксинді енгізу арқылы арнайы сезімталдықты анықтау (вакцина қабылдамаған адамдарда қолданылады).
5. I. Этиотропты ем
II. Арнайы серотерапия
III. Патогенетикалық ем
6.

  1. Ауырған не өлген малды көмген жердің қоршауы және паспорты болуы керек;

  2. Осы ауруға кәсіби байланысты адамдар (малшылар қауымы, ауыл тұрғындары, мал өнімдерін жинайтын, сақтайтын т.б.) мекемелерінің қызметкерлері ауырмас үшін жеке бас гигиенасы мен аурудың алдын алу шараларды орындауы тиіс;

  3. Ауру малды, залалданған заттарды кезінде тауып, оны қауіпсіздендіру шараларын алдын ала қолданғаны абзал;

  4. Санитарлық-ағарту жұмыстары мейлінше пәрменді жүргізілу керек;

  5. Басқа да топырақ арқылы жұғу қауіпі бар жұмыстағы адамдар сақтанып жүргені дұрыс.

  6. Жоспар бойынша ауруға қарсы егуге кейбір кәсіби мамандық адамдар жатады.

2-тапсырма
1. Тілме стрептококкты аурулар тобына жатады. Оның негізінде қабынудың ерекше экссудативті, гиперергиялық түрі, гиперемия, қабыну үрдісінің экстенсивті жайылуы, яғни, терінің үлкен аймақтарына шектен тыс таралуы жатыр. Соңғы жылдары жалпы токсикалық синдромның басымдылығымен, ИТШ дамуымен жүретін, ауыр ағыммен ауыратын науқастар саны артты.
2. . Тілме этиологиясының негізгі ролін А тобының стрептокогы атқарады (син: β-гемолитикалық стрептококк, Streptococcus pyogenes).
. Аурудың көзі – стрептококты инфекциямен ауыратын науқас немесе тасымалдаушы адам. Тілменің контагиозды емес. Ауру спорадикалық жағдай түрінде тіркеледі. Тілме экзогенді және эндогенді стрептококты инфекцияның өршуі деп саналады. Тілме жасқа, жынысқа байланысты емес, дегенмен, көбінесе ересек жаста (50 және одан үлкен) және әйел адамдарда жиі кездеседі. Аурушылдық жылдың барлық мезгілінде кездеседі, дегенмен, жаз-күз айларында науқас саны біршама артады.
Стрептококк - адам ағзасының шартты патогенді флорасы болып табылады, бірақ барлығында тілме дами бермейді. Кейбір адам ағзасында стрептококқа қарсы генетикалық детерминирленген реакция қалыптасқан. Стафилакоктар сияқты, стрептококтар да адам терісінде, шырышты қабықшаларында қалыпты сақталады, сондықтан жергілікті және жалпы иммундық реакцияларға тұрақты антигендік стимул тудырады. Бірақ тілмені тудыратын А тобындағы стрептококтың (АТС) алтынды стрептококтан ерекшелігі, терінің қалыпты флорасының компоненті емес, теріде патологиялық өзгерістер табылғанда АТС теріні басып алады. В.Л.Черкасов айтуы бойынша, тілме патогенезінің маңызды бір факторына - гемолитикалық стрептококқа қарсы баяулаған типті жоғары сезімталдықтың түзілуін жаткызады, ол аурудың созылмалы рецидивтік ағымын түсіндіреді. Патологиялық процестің тағы бір ерекшелігі - стрептококтың жергілікті біріншілік репликациясы мен оның ағзада таралуы. АТС-та көп мөлшерде сыртқы ортаға түзілетін, биологиялық белсенділігін кең спектрлі байланыстырушы тін бар. АТС патогендік факторының жиынтығы әлі сипатталмаған. В.Л.Черкасовтың пікірі бойынша, терінің бұрынғы тілмелік қабыну орнында немесе аймақтық лимфа түйіндерінде созылмалы стрептококты инфекцияның ошағы түзіледі. Кеш рецидивтер стрептококктардың жаңа серологиялық түрімен реинфекция нәтижесінде дамиды. А тобының стрептокогы терінің лимфа тамырларына ене отырып қарқынды түрде көбейеді, ол терінің барлық қатпарында серозды немесе серозды геморрагиялық қабыну тудырады. А тобының стрептокогы өмір сүру және өлу процесінде көп мөлшерде токсиндер өндіреді. Өндірген токсиндері мен ферменттері интоксикация дамуын тудыратын, қызба және жергілікті зақымдау факторы болып табылады. АТС тікелей зақымдаумен қоса, қоздырғыш аяқталған фагоцитоздан гуморальды иммунитеттің жою әсерінен құтылуына мүмкіндік беретін депрессорлық әсер көрсетеді. Терінің микрожараларына инфекция енгенде немесе эндогенді инфекция өршігенде тілме дамиды.
3.Тілме
4. Тілменің диагностикасы аурудың типтік клиникалық көрінісіне негізделген: айқын интоксикация (дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыру) белгілерімен жедел басталуы, зақымдалған аймақта ауру сезімі, айқын шектелген эритеманың болуы.
5. Тілмемен ауырған науқастардың емі амбулаторлы, сонымен қатар стационарда жүргізіледі. Ауруханаға жатқызудың көрсеткіші: айқын интоксикациямен, жоғары қызбамен, үлкен аймақтық зақымдалумен жүретін ауыр ағымды, жиі рецидив беру, лимфа айналымының тұрақты бұзылу көрінісіндегі тілме дамуы, басқа да қосымша ауыр аурулардың қосылуы.
Этиотропты терапия.
Патогенетикалық терапия
Жергілікті терапия
6. Тері жабындыларының тазалығын сақтау керек. Жарақаттардың, жарықтардың біріншілік өңделуі, іріңді ауруларды емдеу, медициналық манипуляицялар кезінде асептика ережелерін қатаң сақтау – тілмені алдын алу шарасына жатады.
Эпидемиялық ошақтағы шаралар қарастырылмаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет