Адаптация. Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді. Адаптация құбылысы сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Мысалы, жарық жерден қаранғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын тұғызады.
Синестезия. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін.