Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін прцесс.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал
Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Қиял. Жанның өзінде бұрыннан бар суреттелулерден жаңа суреттелулер жасай алуы қиял деп аталады.
ЕРІК – адамның мінез-құлқын меңгеру қабілеті. Ол мақсат қоюдан басталады. Е. – қимылдарының алғашқы көріністерінің бірі тілек. Ол келешекте істейтін ісіміздің ойға беку