ТЕМПЕРАМЕНТ – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.
Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;
Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;
Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.
Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.
МІНЕЗ – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады
ҚАБІЛЕТ (қабілеттілік, алғырлық, алғырттылық, мүмкіндік). Қ. деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағдарланған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Қ. адамның білімді, ептілікті, дарынды біршама жеңіл меңгеруіне және қандай да бір іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуына көмектеседі. Қабілеттілік әрбір адамда түрліше сипатта болады. Адамның белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: 1) іс-әрекетті тез өзгерту; 2) іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы. Егер адам өзге адамдармен салыстарғанда, біріншіден, бастаған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді
|