Саламатсыздар ма! Студенттер! Мен Кенжеев Ержан Сұлтанбекұлы! Физика пәнінің оқытушысы! Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: Изопроцестер. Изопроцестер графиктері. Бұл тақырыпты түсіндермес бұрын сіздерге алдыңғы тақырыптағы газ күйінің теңдеуін естереңізге түсірсем.
Газдың қандай күйде тұратынын білу үшін оның термодинамикалық параметрлерін, яғни қысымды, температураны, көлемді білу қажет. Термодинамикалық параметрлердің біреуінің өзгерісі, оның басқа параметрлерінің өзгеруіне әкеп соғады. Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады. Яғни p = nkТ.
, мұндағы R=k*NA=8,31ДжК*моль– универсал газ тұрақтысы деп аталады. Бұл теңдеу Менделеев–Клапейрон теңдеуі деп те аталынады.
Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып, қалған екеуінің арасындағы сандық тәуелділікті айқындайтын заңдарды газ заңдары деп атайды.
Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кең таралған және техникада жиі пайдаланылады.
1 . Изотермиялық процесс. Ағылшын физигі Р.Бойль 1662 ж. және оған тәуелсіз француз физигі Э.Мариотт тәжірибе жүзінде тұрақты температура кезінде газдың берілген массасы үшін оның қысымының газ алып тұрған көлемге көбейтіндісі тұрақты шамаға тең болатынын тағайындады, яғни pV=const немесе p1V1= p2V2. Бұл заң Бойль–Мариотт заңы деп аталады.
2 . Изобаралық процесс. Француз физигі Гей–Люссак 1802 ж. тәжірибе жүзінде тұрақты қысымда газдың берілген массасы көлемінің температураға сызықты тәуелді болатынын тағайындады, яғни немесе . Бұл заң Гей–Люссак заңы деп аталады.
3. Изохоралық процесс. Бұл процесті француз физигі Ж.Шарль зерттеген. 1787 ж. ол тәжірибе жүзінде тұрақты көлемде берілген газ массасының оның температурасына тура пропорционал болатынын тағайындады, яғни немесе . Бұл Шарль заңы.
Физикалық диктант
Достарыңызбен бөлісу: |