Байланысты: ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС РӨЛІ Қалиханова Айгерім ПИП 22
ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС РӨЛІ Тұлғаның әлеуметтеңу принципі екі жағдайда сипатталуы қажет: біріншіден, қарым - қатынас факторы, адамның әлеуметтік өмірімен өзара байланысы жүзеге асырылатын алеуметтік қайнар көзі ретінде есептелінуі керек; екіншіден, әлеуметтену екі аспектіде қарастырылады, ол меңгеру әлеуметтік бағдарлама құру және оны таратуы.
Қарым - қатынас - біріншіден, біріккен іс - әрекетте пайда болатын адамдар арасында байланыс орнату және оны дамыту процесі болса, екіншіден, тұлғалардың бірлескен іс-әрекетте қажеттіліктен пайда болған өзара белгі құралдарымен жүзеге асатын күйі, мінез құлқы.
Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Қ.Жарықбаев қарым-қатынас туралы былай деген: «қарым - қатынас - адам іс - әрекетінің аса ауқымды саласы, өмір сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа, тамақ, киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да аса маңызды». Сондықтан қарым-қатынас тіршіліктің барлық кезеңінде адам үшін маңызды орын алады.
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - ол қарым-қатынас. Тарихи -қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдылықтар тұлғаның қарым - қатынас процесіндегі рөлін анықтайды. Қарым - қатынас барысында тұлғаның әлеуметтенуінде байқалатын өзіндік ерекшелектер мәселесіне көңіл бөле отырып, қазіргі кезеңде бұл салада жүйелі зерттеулерді қажет етеді. Бұл салада жоспарланған зерттеулер өзіндік ерекшеліктердің қарым-қатынас процесінің кез-келген аспектілеріне ықпалы айқын байқалуда.
Адамзаттың барлық өмірі үнемі басқа адаммен қарым - қатынас негізінде өтеді. Қарым - қатынас процесінің барлық жақтары (коммуникативті, интерактивті. перцептивті) басқа құрылымдық тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Олар кез келген іс - әрекетте бір - бірін қабылдау, түсіну, бірлескен әрекет ұйымдастыру мақсатыңды іс - әрекеттің мазмұнына байланысты орындалатын процестің негізінде туындайтын қарым - қатынастың түрлері мен арақашықтықтары.