Психоаналитиктердің айтуынша, адам психикасының құрылымы өте күрделі. Оның түзілуіне ата-анасы балалы болуды ойға алған сәттен бастап, сәби дүниеге келгеннен кейінгі әрбір сәт әсер етеді. Қорқыныштың бала өміріне қалай әсер ететінін түсіндіру үшін әуелі психика құрылымына тоқталайық.

Бірінші құрылым. 1,5-2 жасқа дейін балада “Ид” немесе “Оно” деп аталатын бөлік түзіледі. Кішкентай баланы көз алдыңызға елестетіп көріңіз: бұзық, ойына келгенін істейді, дәретін кез келген жерде сындыруы мүмкін, қаласа күледі, жылайды немесе біреуді ұрып жібереді. Осы кезде баланың қалауына қарсы шығу болашақта оның тұлға ретінде дамуына кедергі келтіреді
Екінші құрылым – “Эго”. Бұл кезеңде баланың ішкі мені қалыптасады, мамандар осы кезде “Баланың бетінен қақпау керек, оған көп ұрысуға болмайды” дейді. Үш жастағы бала өзінің тілегі мен талабын айта бастайды, талғамы қалыптасады. Оның аузынан “Головкиндікіндей кепка керек”, “Мұны емес, басқаны киемін”, “Өзім жуынамын” деген сияқты сөздерді жиі естуге болады
Үшінші құрылым – “Супер-Эго”. Бұл – психиканың ата-ана мен жақын адамдардың тыйымынан, ескертуінен құрылатын бөлік. Кейін бұған қоғамдық норма, мемлекет тарапынан заң мен ереже қосылады.