Тұлға теориясы Л. Хьелл & Д. Зиглер


Альфред Адлер: индивидуалды психология



бет10/36
Дата12.10.2023
өлшемі5,11 Mb.
#185027
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
Тұлға теориясы Зиглер бойынша

Альфред Адлер: индивидуалды психология

Альфред Адлер: тұлға теориясы

Альфред Адлер өмірбаянынан қысқаша: Адлер 1870

жылыАвстрияда дүниеге келген. Ол 1888 жылы

австриялық медициналық университетке оқуға түседі,

оқуды аяқтаған соңалдымен офтальмолог, кейін

психиатр болып жұмыс жасайды. 1902-1911 жылдар

аралығында Зигмунд Фрейд идеясы төңірегіндегі

ұйымында болған болатын. Кейін Адлер және

топтың 9 мүшесі бұл ұйымнан шығып, өз ұйымын құрған

болатын. Ол ұйым- «индивидуалды психология ұйымы»

деп аталды. Адлер 300 дей еңбек жазып қалдырып

кеткен болатын. Адлердің идеялары клиникалық және

индивидуалды психологиядағы заманауи зерттеулерге

өз әсерін тигізді.

Индивидуалды психологияның негізгі тезистері

1. Адлер өз теориясының негізі ретінде жеке адамды көрсеткен.

Адлер өмірлік белсенділікті оқшаулап қарастыруға болмайды

және адамды тұлға ретінде қарастыру керек деген болатын.

Осылай өз теориясына «индивидуалды психология» деп атайды.

2. Адамды органикалық тұтастық ретінде қарастыру біртұтас

психодинамикалық принципті қажет етеді. Адлер бұл принципке

адамның үнемі алға жылжып, мақсат қойып отыратынын келтірген

болатын және ол мақсаттар индивидуалды түрде анықталады.

3. Шығармашылық- адамның қабылдауына, есіне, зейініне,

қиялына ықпал" Индивидуалды психология қоғамға кіретін

Адамды қарастырады және зерттейді.

4. Біз адамды одан бөлек қарастырудан және зерттеуден бас

тартамыз» А.Адлер

5. Адлер адам іс-әрекеті қоғамдағы ой-пікірлермен тікелей

байланысты деп есептеген. Сонымен қатар, оны реттейтін өзіндік

фиктивті мақсаттар болады деген, яғни жеке пікірдің болуы.

Индивидуалды психология: негізгі концепциялары және принциптар

1. Толыққанды сезінбеу және оны өтеу: Адам туылғанда қандайда бір физикалық кемшілікпен туылатын болса онда ол өз өмірінің соңына дейін кемшілікпен күресумен өтеді. Бұл сөздерге дәлел ретәнде көптеген саладағы жетістікке жеткен тұлғаларда қандайда бір физиологиялық кемшіліктер бар деп келтіреді Адлер. Өзін толыққанды сезінбеу Адлер бойынша мынандай себептерден туындайды : шамадан тыс қамқоршылық немесе ата-ана тарапынан қабылдамау. Сонымен қатар, егер адам тым көп мөлшерде өзінің физиологиялық кемшіліктерімен жұмыс жасайтын болса, онда ол адамда гиперкомпенсация пайда болуы мүмкін. Гиперкомпенсация – бұл адамның өзін талыққанды сезінбеуінен пайда болады, яғни өзгелерден өзін үнемі озық болу керек деп санайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет