7. «Сен білесің бе?» Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара
бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Нұсқаулық: «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы
қоржыннан бір билет аласыз. Онда әр түрлі жануарлар мен
құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі
билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы
жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз».
Сиқырлы қоржындағы, сиқырлы жануарлар мен құстар,
жәндіктер (Аю, балапан, қоян, жылқы, мысық, ит, қасқыр, түлкі,
бүркіт, арыстан, құмырсқа, маймыл, қой, кенгуру, көгершін,
балық, тасбақа). (Әрбір мұғалім өзінің көршісінде сол жануарға
99
тән қасиет бар болса айтады, егер ондай қасиет жоқ болса, келесі
көршісіне жалғастырады).