6. Тыныштық сәті
Орманға ойша серуен.Арқаңызды тік ұстап отырыңыз.
Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын
неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз
орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай
беттетіп,
есікті
ашқаныңызды,
дәлізбен
өтіп,
далаға
шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып,шашыңызды
желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін
сезініңіз, бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың
әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап,
еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны
иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені
бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың
иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Бізге қалайша
жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен
ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір
тірі жәндікке зиянымызды тигізбес үшін қамқорлық жасауды
түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз
бар. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан
тұрып, айналаға тағы бір рет қараңыз, таза ауадан терең
жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-
жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді
ашып,күлімсіреңіз!
Достарыңызбен бөлісу: |