ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері


Тақырыбы: АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ДОСТЫҚТЫҢ ОРНЫ



Pdf көрінісі
бет68/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

Тақырыбы: АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ДОСТЫҚТЫҢ ОРНЫ 
 
  Мақсаты:
  Достық  туралы  терең  түсінік  бере  отырып,  адал 
достыққа,шынайылыққа  баулу.  Студенттердің  достық  туралы 
ұғымын  кеңейту  және  нақтылау.  Достарға  деген  қарым  – 
қатынасты  қалыптастыру,  достықты  қадірлей  білу,  бір  -  біріне 
көмек көрсету және қамқор болуға үйрету. 
  Міндеттері:
  Достық,сыйластық  туралы  пікірлесе  отырып, 
студенттер  арасында  достық  сезім  қалыптастыру,  өзара 
көмек,жолдастық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. 
«Күн сәулесі» 
  Мұғалім: 
көзімізді  жұмып  отырамыз.  Біз  ойнадық, 
ойнадықта шаршадық. Демалуға отырдық. 
Міне, күннің көзі. 
Көздеріңе түсті- көздеріңді ашыңдар, 
Маңдайларыңа түсті-қастарыңды қозғалтыңдар, 
Мұрындарыңа түсті- қастарыңды қозғалтыңдар, 
Еріндеріңе түсті-еріндеріңді қозғаңдар, 
Самайларыңа түсті- жақ сүйектеріңді қозғаңдар. 
Иықтарыңа түсті- иықтарыңды көтеріп, түсіріңдер, 
Қолдарыңа түсті-қолдарыңды сілкілеңдер, 
Аяқтарыңа түсті- аяқтарыңды сілкілеңдер. 
Күн көзі сендермен ойнап болды да, тығылып қалды. 


64 
 
  Достық
 –  адамдардың  бір-біріне  адал,  қалтқысыз  сеніп,  бір 
мүдделі,  ортақ көзқараста болатын  қасиеті.  Достық  өзара 
жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. 
Нағыз  достық  кісіге  шабыт  беріп,  өмірде  кездесетін  түрлі 
сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты 
бірге  көтеруге  жәрдемдеседі. Дос-жарандардың  мінездері  әр 
түрлі  болып  келуі  мүмкін.  Мысалы,  біреуінде  қызбалық  не 
шабандық,  екіншісінде  тұйықтық  не  жігерсіздік  байқалса  да, 
бұлар  достыққа  кедергі  бола  алмайды,  қайта  нағыз  достық 
осындай  кемшіліктерден  арылуға  көмектеседі.  Сатқындық,  екі 
жүзділік,  өтірікшілік,  өзімшілдік  достықпен  сыйыспайды. 
Қазақтың  дәстүрлі  әдеп  жүйесінде  достыққа  үлкен  көңіл 
бөлінеді. Халық арасында 
достық 
туралы мақал-
мәтелдер жеткілікті:  “Дос  жылатып,  дұшпан  күлдіріп  айтады”, 
“Досы  жақсының,  өзі  де  жақсы”,  “Дүниеде  адамның  жалғыз 
қалғаны  —  өлгені,  қайғының  бәрі  соның  басында”.  Достыққа 
қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік 
алдырғандар  басқаның  қуаныш-қызығын,  ырыс-бағын  көтере 
алмайды,  дос  дегеннің  не  екендігін  білмейді.  Дұрыс  дос  таңдай 
білу — өмірлік мақсаттардың бірі. 
  Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, 
қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін 
емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет