ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері



Pdf көрінісі
бет79/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

IV. Мәтінмен  жұмыс. 
  – Енді, 
балалар,  
біз 
достық, 
өзара 
сыйластық  
құндылықтарының   мағынасын  кеңірек   түсіну   мақсатында  « 
Қарлығаш  пен  дәуіт»   ертегісін  мұқият тыңдап ертегі бойынша  
сұрақтарға жауап  береміз.  
  «Қарлығаш  пен  дәуіт» /электрондық  оқулық  арқылы/ 
  Қарлығаш жардың қуысына  ұя салып, балапан  шығарыпты. 
Анасы  азық  әкелуге  кеткенде,  балапандары  шыдамсыздана  
күтумен  болады  екен.  Бір  күні  қарлығаштың  ұясына  жылан 
өрмелеп  бара  жатады.  Мұны  көрген  қарлығаш  шыр-шыр   етіп,  
балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкке барады. 
  Қарлығаш: 
«Көкек, 
маған 
көмек 
бере 
гөр, 
балапандарымызды жылан жейін деп жатыр!» - дейді. 
-  Бүркіт  қонаққа  шақырып  еді,  уақытым  жоқ,-дейді  көкек. 
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. 
-  Қарғажан,  маған  көмек  бере  гөр.  Балапандарымды  жылан 
жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып. 
  Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: 
-  Мен  үйленейін  деп  жатырмын,    мазамды  алма!-дейді 
маңғазданып. 
Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. 
Қарлығашқа дәуіт кездеседі. 
- Достым, неге жылайсың? –деп сұрайды ол қарлығаштан. 
-Улы  жылан  балапандарымды  жұтпақшы  болып,  ұяма 
өрмелеп барады. 
-  Олай  болса,  мені  тезірек  жеткіз,-дейді  дәуіт.  Қарлығаш 
қанатын тосады. 
  Қарлығаш  пен  дәуіт  көзді   ашып-жұмғанша  ұяға  жетеді. 
Дәуіт  ұяға   жетіп  қалған  жыланға  тап  береді.  Жылан  сылқ   етіп 
жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйінген қарлығаш онымен 
айнымас дос болады. 
  Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда 
тұрып, бірге өмір сүретін  болған екен. 
  - Балалар,  қарлығаш неге ренжіді? 
  -  Не  себепті  көкек  пен  қарғаны  достар  деп  атауға  
болмайды? 
  - Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты? 


71 
 
  /Берілген  сұрақтар  бойынша   балалардың  жауаптары 
тыңдалып,  
осының 
негізінде 
олар 
адамгершілік  
құндылықтарының  мәнін  ұғына  түседі/  
   
 
V. Дәйек сөз. 
  -Енді   балалар,  бүгінгі   тақырыбымызға   сай   мына   дәйек  
сөзді  жаттап,  дәптерімізге   жазып   алайық.«Жүз   теңгең  
болғанша, Жүз  досың  болсын » 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет