Көрнекілігі: ақ қағаздар, суреттер
Шаттық шеңбері:
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі.
Шаттық шеңбері аясында мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын
қайталайды.
Қуан,шаттан!
80
Қуан, шаттан.!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
-Ал, енді оқушылар бугінгі тақырыпты терең түсіну
мақсатында өз ойларынды айта отырсаңдар! Ойланайық,
пікірлесейік!
Мұғалім:
Мамандық дегеніміз не?
(Оқушылардың
пікірлері
сұралады)
Мамандық -кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық,
еңбек
көзі.
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу
керек
деп
ойлайсыңдар?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі
қажет?
-
Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы
керек
деп
ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады
деп
ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
(Оқушылардың пікірі тыңдалып болған соң, мамандық
жайында шамалы мәлімет беру)
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне,
бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың
түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке
қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен
ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне
сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.
Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған
мамандықтарға
дәрігер,
мұғалім
және
құрылысшы
мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар
қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация,
әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек
сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады.
-Ал енді оқушылар ойынға кезек берсек.
|