82
-Балалар мен сендермен «Иә немесе жоқ»
ойынын ойнағым
келіп отыр. Ойын шарты: Мен сендерге сұрақ қоям, сендер сол
сұраққа «иә» деп те, «жоқ»деп те жауап бермеулерің керек,яғни
басқаша жауап берулерің керек.
-Жарайсыңдар балалар, біз сендердің ойларыңның ұшқыр
екеніне тағы да көзіміз жетті. Енді кімнің жылдам жұмбақ
шешкіш екенін анықтайтын сәтте келген сияқты. Қанекей
балалар жұмбақ шешейік.
Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(полиция қызметкері)
Өнерге тән жаратқан,
Көкірегі кең аспан,
Барша жұртты қаратқан.
Бейнегер кім тым асқан.
(Қылқалам шебері)
Маңдайға жағып шырақты
Лавалардан тұрақты,
Ағызып отын өзенін,
Жылытқан кім суретін?
(Бейнегер)
Жасыл
желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала.
Таласып жүр бір шарға.
(Футболшылар)
Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды.
(Журналист)
Арқан байлап беліне,
Шымырлықпен бекіне,
Өрмелейтін қай өрен,
Шыңның шырқау шегіне.
(Альпинист)