59
Сонымен бірге мұғалім отбасының босағасы берiк,
шаңырағы биiк болуы, тату-тәттi өмiр сүруі, бақытқа, қуанышқа
бөленуі отбасы мүшелерiнiң бір-біріне жағымды қарым-
қатынасына байланысты екенін түсіндіреді.
Жаңа ақпарат
Жаңа ақпарат отбасы туралы оқушы білімдерін нығайта
түседі. Олар оқулықтағы жаңа ақпаратты оқи отырып, отбасының
берік те тату болуы сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттерімен
байланысты екенін түсінеді. Мұғалім отбасы неліктен қымбат
екенін оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді.
Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында
сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда
бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы
берік болады.
Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де
ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар
едік.
Достарыңызбен бөлісу: