ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері


«Алты аға бірігіп - әке болмас



Pdf көрінісі
бет62/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

«Алты аға бірігіп - әке болмас, 
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,-
  деген  сөзде  де  терең  ой 
жатыр.  Ата-ананың  үміт-арманы  баласымен  бірге  жасайды.  Сол 
себепті  олардың  бар  тілеуі  балаға  бағышталған.  Ақыры,  ең 
қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан 
топырақ  бұйырса,-дейді.  Осындай  ата-ананы  сыйлау  сәби 
шағыңда  өзіңді  олар  қалай  бағып-қақса,  қартайғанда  оларды  да 
солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет! 
       Қазақтар  – 
«Төріңнен  қарт    кетпесін»
  деп  тілеген 
халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу 
болу – біздің ата дәстүріміз. 
Отбасында  бір-бірін  аялап,  кешіре,  түсіне  білгенде  отбасы 
берік болатынына мұғалім ерекше назар аударады.
 
   
Сахналау.   
                                        «
Сүйіспеншілік» 
Базарға  барайын  деп  сыртқа  шыққан  әйел  есіктің  артында 
отырған 
үш 
қарияны 
көріп,тұрыңқырап 
қалады 
да, 
«Төрлетіңіздер»,−деп  бар  ниетімен  үйіне  шақырады.Сонда 
қариялардың  біреуі«Біз  шақырған  жерге  үшеуіміз  бірге 
бармаймыз»,-дейді.  Оң  жақтағы  досым−байлық,  сол  жақтағым 
болса−сәттілік.  Менің  атым−сүйіспеншілік.  Өзін,  жолдастарын 


60 
 
таныстырғаннан  кейін  Сүйіспеншілік  әйелге  мынандай  талап 
қойды: 
−Қазір үйіңізге барып,үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуіміздің 
біреуін 
ғана 
шақыруға 
құқыларыңыз 
бар. 
Қайсымыз 
баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,−деді. 
Әйелі  Сүйіспеншіліктің  талабын  үй  иесіне  айтқанда,қатты 
қуанған ол: «Қандай жақсы,қандай жақсы»,−деп қайталай берді. 
−«Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз байлықты 
шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». 
Үй  иесінің  шешіміне  көңілі  толмаған  әйелі:  «Одан  да 
Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»−деді. 
Ақыры 
екеуі 
ақылдасып,мынадай 
шешімге 
келеді: 
«Негізінде, ең асылы, сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз 
бақытты боламыз» 
Есікті 
ашқан 
әйел 
үш 
ақсақалға: 
«Қайсыңыз 
Сүйіспеншіліксіз?  Төрлетіңіз.  Біз  сізді  шақыруды  ұйғардық», 
−деді. 
Сүйіспеншілік  орнынан  тұрды  да,  үйге  беттеді.  Жолдастары 
да орындарынан тұрып,артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған 
жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуіміз ғана бара аламыз 
деп айтып едіңіздер...»-деді. Қариялар:  
−«Егер 
тек 
қана 
Байлықты 
немесе 
Сәттілікті 
шақырсаңыз,басқа  екеуміз  далада  отырар  едік.  Бірақ  та  сіздер 
Сүйіспеншілікті  шақырдыңыздар.  Сол  үшін  үшеуіміз  бірге 
баруымыз керек»,−дейді. 
 −«Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз-Байлық пен 
Сәттілік қашанда қасындамыз» 

 
«Сүйіспеншілік  бар  жерде−Байлық  пен  Сәттілік  бар», 
дегенді қалай түсінесіңдер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет