VI. Тыныштық сәті. -Балалар,
орындарыңызға
емін-еркін
жайғаса
отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның
жалпы қасиеттері туралы ойлаймыз /2-3 секунд/.
-Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық.
Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін
жазайық.
VII .
«Достық. Бірлік» үйін салу.
-Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін,
үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып
көрейік.
Мақал – мәтелдер.
1. Досы көпті жау алмайды,
2. Досың көзіңде болғанша,
көңіліңде болсын
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
4. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
5. Досы көппен сырлас.
Досы жоқпен сыйлас.
6. Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп.
7. Досыңмен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
8. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
9. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
10. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап, тең құрбыңның ішінен.